26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Ақмолада орта мектеп тыйым салынғанына қарамастан кеңсе жиһазын сатып алған

Ақмола облысында орта мектеп кеңсе жиһазын негізсіз сатып алған. Бұл туралы Antikor ortalyǵy алаңында өткен онлайн-брифингте «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова айтты.

Спикердің ақпараты бойынша, Ақмола облысында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында тұрғындардың бірі Publicbudget.kz ашық бюджеттердің интерактивті картасының сайтына өз бетінше мониторинг жүргізген.

Мониторинг барысында Бурабай ауданының орта мектебі жалпы сомасы 65 000 теңгеге кеңсе жиһаздарын сатып алуды жоспарлағаны анықталды, алайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау және үнемдеу режимін күшейту мақсатында мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың кеңсе жиһазын сатып алуына уақытша тыйым салынды.

«Осыған байланысты азамат оқу орнына шағым түсірді, алайда мектеп бұл жиһазды сатып алғаны белгілі болды. Өтініш негізінде анықталған бұзушылықтар үшін Бурабай ауданының білім бөлімі білім мекемесінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жазаға тартты», — деді Самира Тайтенова.

Спикер атап өткендей, бұл мысал — мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысының орнатылуының және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың айғағы. Ал интерактивті карта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық платформасына айналады.

Айта кетейік, әрбір тұрғын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың, өңір жолдарының бюджет ақшасының бірыңғай платформада қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады, сондай-ақ ашықтықты қадағалап, оның дамуына әсер ете алады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...