|  | 

Жаңалық

Мұғалімдердің жалақысы көбейеді — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында білім саласы туралы сөз қозғап, мұғалімдер жалақысы 25 пайызға көбейетінін мәлімдеді,

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтеру жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қашықтан білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды.

«Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні уатсаптан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар біріңғай онлайн беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласуды орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне әзірленген жөн. Бұл әсіресе, мектеп үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алу қажет», деді Президент.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 354 мектеп жөндеуден өтті

    Алматы облысында 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Бұл туралы Қазбілім порталы әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. Жоғары да атап өткен үшауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында 17 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 1200 орынды құрайтын 3 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Ал, 300 орынға лайықталған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін

  • БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    БҒМ грант бермеген 36 ЖОО-ның тізімі жарияланды

    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. ЖОО-лар қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды», — деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog