19.09.2024

Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беріледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беру керектігі туралы айтты.

«Өңіріміздегі өзге ұлт оқушыларының мемлекеттік тілді білуі үшін талай шаралар қолға алынуда. Алайда осыған дейін қазақ тілін оқыту әдістемесі тым ауыр болғаны рас. Соның салдарынан оқушылардың көбісі тілді дұрыс үйрене алмай қалды. Осыған орай біз оқыту әдістемесін өзгертіп, барынша жеңілдеттік», – дейді аймақ басшысы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі кезінде.

Нәтижесінде бүгінде өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығы өскен. Тіл үйрететін мұғалімдер де біліктілік арттыруда.

Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА