08.05.2024

Мұғалімдердің еңбекшартында туалет күзету туралы жазылған ба?

Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ осылай пікір білдірді.

«Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда», — деп жазды министр facebook.com жеке парақшасында.

Бұл жағдай Түркістан қаласындағы Мағжан ЖҰМАБАЕВ атындағы №15 орта мектепте болған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 31 жыл ұстаздық еткен Бақыт КЕУКЕНОВТЫ қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Данияр МЕЙІРХАН өзі бастап ұстап алып кеткен. Ұстаздың жазығы әжетхананы күзетпегенінде. Жалпы, мұғалімдердің еңбекшартында әжетхана күзетуі тіис деген бір ауыз сөздің жоқ екені баршаға аян. Және олар еңбекақыларын берген сабақтарына орай да алады емес пе?! Сондықтан да полицияның ұстаздың қолын қайырып, оқушылардың көзінше қылмыскердей полиция бөліміне алып кетуі қаншалықты заңға сәйкес?

Ақпарат құралдары Данияр Мейірханның ұстаздан кешірім сұрағанын жарыса хабарлады. Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒҰМБАЕВТЫҢ да құлағына жетіп, Данияр Мейірхан уақытша қызметінен шеттетілді.

Шындығында бұл проблема тек Түркістандағы мектептерде ғана емес. Басқа да өңірлердегі мектептерде әжетхана күзетіп жүрген мұғалімдер қаншама?!

 

Әйгерім Жетпісова
«Жас Алаш» газетінен

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА