1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Балалар есте сақтап үлгермейді: Депутаттар жиі ауысатын мектеп инспекторлары жөнінде

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Унжакова еліміздегі мектептерді инспекторлармен қажетті деңгейде қамтамасыз етуді сұрады. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы атынан депутаттық сауал жолдады.

Депутат Тараздағы мектептердің бірінде оқушы қызға қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа тоқтала келе, балалардың мектеп мекемелерінде тиісті деңгейді қорғалмағаны проблема екенін атап өтті.

Сонымен қатар И. Унжакова бүгінде еліміздегі көптеген мектептерде әжетханалар аулада орналасқанын жеткізді.

«Тараздағы трагедия мектептегі видеобақылау жүйесінің тиімсіздігін көрсетті. Ресми жаңалықтарда аталған ер адам мониторларда бір сағат бойы көрініп тұрғаны хабарланды. Алайда оған ешкім назар аудармаған. Жалпы, білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне мектеп мекемесінде жұмыс істейтін барлық адам жауапты, оның ішінде мектеп инспекторлары да бар», — деді ол.

Осы орайда ол көп жағдайда инспекторлар мектепте болмайтынын, олар көбіне кеңестер немесе басқа да шараларда жүретінін жеткізді.

Мектеп инспекторлары өз қызметінде ұзақ тұрақтамайтынын айтқан И. Унжакова: «Олардың жиі ауысуы салдарынан балалар да, мұғалімдер де мектеп инспекторының түрін есте сақтап үлгермейді. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қазіргі кезде мектеп инспекторларымен жасақталмау деңгейі 2000 бірлікті құрап отыр», — деді.

Осы орайда депутат аталған проблемаларды ескере отырып, кешенді әрі жүйелі шараларды қабылдауды ұсынды.

Бұл ретте, барлық мектепті ғимарат ішіндегі әжетханамен қамтамасыз ету, бейне бақылау жүйесін интеграциялау жұмыстарын жеделдету мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, мектеп инспекторларымен толықтай қамтамасыз ету, бейтаныс адамдардың білім беру мекемесінің аумағына кіруін шектеу бойынша қатаң тәртіпті енгізу ұсынысы айтылды.

Бұған дейін Тараздағы №6 мектептің 7-сынып оқушысы білім ордасының әжетханасында зорланғаны, күдіктінің қолға түскені, оған жауапты басшылардың жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...