9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Талғат Қалиев: Мұғалімдерге қазір оқушының назары үшін үлкен бәсекеге түсуге тура келеді

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев Ұстаздар күніне орай осындай пікір білдіріп, мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім алған, алайда білімді деп айтуға ауыз бармайтын адамдарды көріп жүрміз. Яғни, білім алу деген – оқумен шектелмей, этикалық және моральдық қасиеттерді сіңірумен есептелсе керек. Осының бәрі айналып келгенде мұғалімге байланысты. Тарихты парақтап отырсаңыз, кез келген ұлы адамның тұлға болып қалыптасуына мұғалімнің тікелей себеп болғанын көресіз. Болмаса бұған қарсы оқиғалар да бар: мәселен, кезінде Эдисонды (өнертапқыш) мұғалімдері байқамай қап, ақыры мектептен қуылған бала әлемдік тұлғаның біріне айналды. Ал қазір заман бөлек. Мұғалім қазір интернетпен бір, тығыз күн тәртібімен бір күресуі керек», — деді сарапшы Ұстаздар күніне арналған «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде .

Саясаттанушының айтуынша, қазір ақпараттық майдан кезеңінде адам білімді іздемейді, білімнің өзі адамды іздейтін уақыт келген.

«Сол үшін педагогтарға оқушының назары үшін үлкен бәсекеге түсуге тура келеді. Бұрын ұзақ уақыт игеретін білім қазір санаңызға сап етіп, бір күннің ішінде келеді. Сол үшін біз мұғалімге уақыт беруіміз керек. Себебі, ол – шығармашылық адамы. Бір уақытта әрбір балаға жеке білімді сіңіретіндей амал-әдіс табу үшін мұғалім барын салуы тиіс. Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын», — деді ол.

Еске сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілген болатын.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...