23.05.2024

Тоқаев: ЖОО санын қысқарту қажет

Түлектерін жұмыспен қамти алмайтын жоғары оқу орындарының санын қысқарту мәселесін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарастыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміздің де бар екендігі жасырын емес.

«Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз», – деді Тоқаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА