20.05.2024

Алматыда жас математиктер марапатталды

Алматыда республикалық  «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир  балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған.

«Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім табуға көмектеседі», – деді ұйымдастырушылар.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Команда жетекшілері – бастауыш сынып мұғалімдері де бос қарап отырған жоқ. Оларға арнап «Бастауыш мектеп оқушыларына стандарттан тыс математиканы үйрету» оқу тренингі жүргізілді.

Бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Аңсар Қабдолла алды. 1,2,3-орындарды Алматыдағы  №140 мектеп гимназиясының оқушысы Әсел Жұмағалиева, Астана халықаралық мектебінің оқушысы Жәңгір Болат иемденді.
Алматыда жас математиктер марапатталды
Алматыда жас математиктер марапатталды

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА