29 C
Нур-Султан
30.05.2023

Алматыда жас математиктер марапатталды

Алматыда республикалық  «Бастау» турнирі өтті. Бұл байқауда Қазақстандағы ең үздік математик оқушылар марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 2-4 сынып оқушылары Назарбаев Интеллектуалды мектебінің базасында екі күн бойы математикалық білімін сынады.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир  балалардың математикалық білімдерін нығайтып, қолдауға бағытталған.

«Барлық тапсырмалар математикалық логикаға сүйеніп жасалды. Бұл тапсырмаларды шешу баланы дұрыс қорытынды шығаруға, дұрыс шешім табуға көмектеседі», — деді ұйымдастырушылар.
Алматыда жас математиктер марапатталды

Команда жетекшілері — бастауыш сынып мұғалімдері де бос қарап отырған жоқ. Оларға арнап «Бастауыш мектеп оқушыларына стандарттан тыс математиканы үйрету» оқу тренингі жүргізілді.

Бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Аңсар Қабдолла алды. 1,2,3-орындарды Алматыдағы  №140 мектеп гимназиясының оқушысы Әсел Жұмағалиева, Астана халықаралық мектебінің оқушысы Жәңгір Болат иемденді.
Алматыда жас математиктер марапатталды
Алматыда жас математиктер марапатталды

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...