18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Оқулық дайындаушылардың өздері даярлықтан өтеді

Қазақстанда мектеп оқулықтарын дайындау тәртібі өзгеруі мүмкін.

Министрліктің жауабына сүйенсек, оқулықтарға деген талаптың өзгеруіне байланысты оны дайындайтын сарапшылардың құрамы жаңартылмақ. Сарапшылар тізімі баспа өкілдерінен құпия сақталуы да мүмкін.

«Жаңа өлшемдерді ескере отырып, сарапшылар базасын жаңарту және оның құпиялығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оқулықтағы қателерге мониторинг жүргізіледі. Кеткен қателік кітапты шығарған баспа есебінен жөнделіп, қайта басылады. Осы туралы оқулық дайындау ережесіне өзгерістер енгізіледі», — делінген ресми мәліметте.

Министрліктің мәліметі бойынша, биыл шілде мен қарашада оқу әдебиетінің 600 сарапшысы, «Оқулық» орталығының 300 сарапшысы, сондай-ақ пәндік комиссия мүшелері мен бастауыш білім беру оқулықтарының сарапшылары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Ал 2020-2021 жылдары Дүниежүзілік банк жобасы аясында оқулықтар сапасын бағалау саласындағы 1000 сарапшы үшін де осындай курстар ұйымдастырылмақ.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...