18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Астананың 1000 мұғаліміне 1 млн теңгеден беріледі

Астана әкімдігі мектеп мұғалімдеріне 1000 тұрғын үй куәлігін беруді көздейді. Әрбір куәліктің мөлшері — 1 миллион теңге. Оны баспананың алғашқы жарнасы ретінде пайдалану қажет. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады.

Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, өткен жылы елордада 100 адамға тұрғын үй куәлігі табысталды. Оның ішінде 80-ге жуығы — мұғалімдер.

«Негізі, аталған шараның негізгі мақсаты да сол, мұғалімдерді қолдау, олардың тұрғын үй мәселесін шешу. Биыл Астана әкімдігі 2000-ға жуық тұрғын үй куәлігін таратуды көздейді. Соның жартысы мұғалімдерге арналған», — деді Ә.Жанғозин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында қала әкімі Бақыт Сұлтанов 100 адамға тұрғын үй куәліктерін табыстаған болатын. Әрбір куәліктің мөлшері — 1 миллион теңге. Аталған ақшаны ипотекалық баспананың алғашқы жарнасы ретінде қолдану қажет. Ал пәтерді үш айдың ішінде табу қажет. Демек, осы жылы наурыздың аяғына дейін пәтер табылмаса, ақшаны бюджетке кері қайтаруға тура келеді.

«Бұл «7-20-25» бағдарламасы емес. Дегенмен, банктің ішкі шарттары соған ұқсас. Салымшы алғашқы жарнаның 20 процентін жинауы тиіс. Содан кейін 7 проценттік ипотека 25 жылға беріледі. Бірақ пәтерді үш айдың ішінде тауып, ипотеканы рәсімдеп алу қажет. Үй жаңа тұрғын үйден алынуы шарт. Әйтпесе, әкімдіктің ақшасы бюджетке кері қайтарылады. Әзірше ол ақша арнайы есепшотта жата береді. Барлық шарттар орындалғаннан кейін есепшот ашылады да, алғашқы жарна ретінде салымшының қаржысына қосылады», — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Астана қаласындағы орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...