07.05.2024

Астанада жыл сайын оқушылар саны 15-18 мыңға артады

Астанада білім беру нысандарының саны артып келеді, деп хабарлайды Астана қала әкімдігінің сайты.

Астанада тұрғындар санының өсуіне байланысты қала мектептерінде оқушылар қатары жыл сайын орта есеппен 15-18 мың адамға артады.

Соңғы 20 жылда Астанада 59 мектеп, 300-ден астам балабақша, 23 колледж, жаңа Оқушылар сарайы және басқа да білім беру мекемелері салынған. Бүгінде барлық кешеннің тиімді жұмыс жасауының арқасында жас ұрпақ білім алудың барлық бағыттарына қол жеткізіп отыр.

«Қазір Астанада 106 мектеп бар, олардың 86- қоғамдық, 16- жекеменшік, 4-і — республикалық деңгейдегі мектеп. Жалпы олар 161,5 мың баланы қамтиды. Халық санының өсуіне байланысты қала мектептерінде оқушылар қатары орта есеппен алғанда, 15-18 мың адамға көбейіп отыр», — деді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА