28.04.2024

Фердауси мектебіндегі жағдай тұрақтанды ма?

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Фердауси елді мекенінде орналасқан А.Фердауси атындағы жалпы орта мектебіндегі жағдай тұрақтанды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

«А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте 700 оқушы білім алса, соның 371-і — қыз балалар. Олардың барлығы дерлік мектепке діни атрибуттық белгілері бар формамен келіп жүрген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 4 қыркүйек күні бастауыш сыныпта оқитын (1-4 сыныптар) қыз балалардың барлығы талапқа сәйкес формаға көшті. Ал, жоғары сыныпта оқитын қыз балалардың 165-і бірыңғай мектеп формасын сақтап, сабаққа қатысып отыр. Сондай-ақ, мектеп формасын сақтамаған 60 қыз баламен мамандар жұмыс жүргізіп жатыр» делінген облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Білім жəне ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы 2016 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілген. Мәселені шешу үшін аудан әкімдігі және облыстық білім, ішкі саясат, отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаларының қатысуымен арнайы жұмысшы топ құрылып, нақты іс-шара жоспары бекітілді. Топтың құрамына облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қосылды.

А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте 3 қыркүйектен бастап бірыңғай мектеп формасын сақтамаған оқушыларға білім ұясына кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ, 3 күн бойы мектептен қалған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА