10.10.2024

Қазақстанда мектептерге смартфон алып кіруге бола ма?

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының смартфон ұстауына қатысты пікір білдірді.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салу мәселесін мектептің өзі шешеді.

Сонымен бірге, балалардың интернетке қосылу мүмкіндігі бар смартфон мен өзге де гаджеттерді қолдануын заң бойынша ата-ана қадағалауы тиіс.

Мәселен, еліміздің көптеген мектептерінде оқушылар тек батырмасы бар телефон қолданады. Мұндай шешімді ата-аналар қауымдастығымен бірге 8 аймақтың білім беру мекемелері қабылдаған: Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары. ҚР БҒМ хабарлауынша, мұғалімдердің смартфон пайдалануына рұқсат беру мәселесі де әр мектептегі еңбек келісімшарты бойынша жеке реттеледі.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА