-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

«Менің білімге қосқан жаңалығым» атты конкурстің қортындысы

11 қаңтар — 20 наурыз аралығында «Толағай» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Менің білімге қосқан жаңалығым» атты Республикалық конкурс болып өтті. Сайысқа жалпы Республика бойынша, 35 материал келіп түсті. Материалдардың көбі — ашық сабақ немесе сабақ жоспарлары. Барлық қатысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз! Конкурстың нәтижесі бойынша, әділқазылар алқасы ақылдаса келе, төмендегі шешімді қабылдады:

Сайыстың 1 – орыны: «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» атты электрондық оқу — әдістемелік құралы  А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің математика және физика пән мұғалімі Масугутова Кульбаршын Магауовнаға берілді.

Сайыстың 2 – орыны: « Шебер » үйірмесінің 10-17 жас аралығындағы оқушыларының 1 оқу жылына арналған оқу бағдарламасы» Атырау облысы, Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының      I санатты қосымша білім беру педагогы Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлына берілді.

3 — орын Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Сарыоба №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Силам Досжанның «ЖАУЫРЫН» этнопедагогикалық ойынына берілді.

3 — орын №63 мектеп – гимназиясы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кұдабаев Нұрдаулет Алибекұлының «Астанам, асқарымдай көрінесің!» элективті курсына берілді.

3 – орын Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Хазретовка орта мектебінің 
информатика пәні мұғалімі Давлетова Айнур Адайкызына «Ақпараттық — коммуникативтік технологиялар — келешек ұрпақтың кілті» курсына берілді.

Осы жүлде алған адамдар біздің жеке почтамызға  (tolagay.akzhar@mail.ru) 4 — 5 күн ішінде хабарласуларын сұраймыз. Жүлделі орындарға берілетін электронды оқулық жасайтын компьютерлік бағдарламасын сыйға тартамыз.

Қазақстан ұстаздары қауымдастығы, қазылар алқасы.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...