27.04.2024

Нұр аға, «Макдональдсты» қайтесіз, бізге келіңізші…

Алаш баласының арқа сүйер абызы, қадірменді Нұр аға!

Мемлекет басшысы әрі ұлт көшбасшысы ретінде еліміздегі халық кәдесіне жарайтын кез — келген игі іс пен тың идеялардың қолдаушысы болып келе жатқаныңызға қабырғалы жұртыңыз бен қатал уақыт куә, ол мейлі әдебиет пен өнер  саласы болсын немесе ғылым — техника, я болмаса өнеркәсіп пен бизнес саласы болсын, әйтеуір тәуелсіз еліміздің қай бір кетігін бүтіндеуге керекті іс  болса болды, оны қолпаштап, қолтығынан демеп жіберу сіздің жан — жүрегіңіздің қалауымен істейтін жақсы әдетіңізге айналып кеткендей. Тәй — тәй басқан талай тірліктің тірегі һəм тілеушісі болып, тізгінін қолға ұстатып, жолға салғаныңыз тәуелсіз ел тағдырындағы қолтаңбаңыз ретінде алтын әріптермен тарих беттеріне жазылып жатыр. 

news1457499493Жақында «Астанада «Макдональдс» деген ашылады екен, Елбасы оның жұмысымен танысып, ақ бастасын  беріпті» деген хабар тарады да, көп өтпей  ұзын — сонар кезекте тұрған халықты түсірген  фото мен “Макдональдс ашылды” деген ақпарат желілерді кезіп кетті. Жалпы, сіз қатысқан кез — келген іс — шараның “баланың ойыны, бақсының жыны” емес екені бәрімізге айдан анық. Жоғарыда айтқанымыздай, ел үшін маңызы үлкен, мәні ерекше  болмаса, басталар істің бәрінің басы — қасында бола бермейтініңіз де түсінікті. Алтын уақытыңыздың қаншалық қымбат екенін, оның әр минуты миллиондаған халықтың ең басты мүддесі мен болашағы үшін жұмсалып жатқанын жақсы түсінеді жұртыңыз. wYvjFfaAtx8Сонымен, «Елбасы лебіз білдіріп, лентасын қала әкімі кесті» деген Макдональдсқа біздің де аңсарымыз ауа бастады. Байқасақ, Еуропаның күнделікті жейтін тамағын дайындайтын кәдімгі тағамжайдың бірі екен. Соншама топырлаған жұртты көріп, ашыққан жұртқа тегін ас таратып жатыр ма деп ойлап қалғанымыз рас. Ашыққаннан Алла сақтасын, дағдарыста да дастарханымыздан қазы мен қарта, жал мен жая кеткен жоқ қой, дегенмен сол қазы кертіп, қымыз сімірген халыққа Еуропаның тауығы қалай таңсық болды екен?  Бұл өзімізге өзіміз қойған бір ішкі сауал болды да қалды. Негізі айтпағымыз бұл емес еді…

Нұр аға, тұсаукесер  демекші, жақында біз де өзімізше жұмыс бастап, іске кіріскен едік,  қазақ баласының қарыны емес, дарыныын ойлап. Макдональдс Еуропаның тамағын үйретсе, біз сол Еуропаның сабағын үйретуді мақсат тұтқан едік. Дәл қазіргі кезеңде ұлт үшін зәруге дәру боп тұрғаны да олардың сәнді киімі мен дәмді тамағы емес, озық ғылым, білімі  мен технологиясы екенін өзіңіз де жиі айтып келесіз. Сіз бір сөзіңізде айтқандай, “білекпен емес, біліммен бәсекеге түсетін” қазақ баласының қатары біреуге болса да көбейсін,  соған шамамыз жеткенше үлес қоссақ дедік. “Республикалық Қазбілім орталығы” деген атпен мектеп оқушыларына жан — жақтылы қосымша білім мен бағыт — бағдар беретін шағын отаудың шаңырағын көтеріп, салмақты  да абыройлы аманатты арқалап, тәуекел деп атқа қонған жайымыз бар.

Жалпы, сіз назар аударған мәселеге жұрттың ықыласы артып, ынтасы оянатыны белгілі, оны осы жолғы Макдональдстың ашылуынан тағы бір байқадық, топырлаған жұрттың қаншасы “Елбасы барыпты, соған қарағанда жай нәрсе емес”, — деп  баратыны анық. Сол үшін,  Нұр аға, Макдональдсты қайтесіз, бізге келіңізші, бізге де ақ батаңызды беріп, болашақ ұлы мақсат — мұраттарымызға қолдау білдіріп, салмақты міндеттер тапсырыңызшы, аманат — сізден,  адал қызмет ету — бізден болсын,- деген өтінішіміз бар еді. Қазақтың ұл — қыздары «өзгенің қаңсығына таңсық болмай, ғылым, білім үшін жанталасып, рухани аштыққа түспеу үшін  не жеймін деп емес,  нені үйренем, нені игерем,- деп    білім ошақтарында осылай кезекте тұратын болса” деген ой ғой біздікі.

Құрметпен, Республикалық «Қазбілім» орталығы ұжымыpogudx51csf8ad06p.ec0f93d3 (1)

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА