17 C
Нур-Султан
26.09.2022

Сүйіспеншілік пен шығармашылық

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің үлы»-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай баланы ізгілікке, сүйіспеншілікке жетелеу ата-ана мен ұстаздардың қасиетті парызы десем қателеспейтін сияқтымын. Ал Тәуелсіз еліміздің Президенті Н.А.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» – деуі Егеменді жас мемлекетіміздің ертеңі, өз елінің тірегі болар саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу, қоршаған ортаны, табиғатты, қоғамды, Отанды сүюге тәрбиелеу, балаға рухани азық беру болып табылатыны сөзсіз.

«Бөбек» қорының қайырымды ісі еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 1992 жылы 7 жасқа дейінгі сәбилерді қамқорлыққа алып, олардың әлеуметтік жағынан қорғалуына, парасаттылық рухында тәрбиелеуіне көмектесу мақсатымен құрылған. «Бәрі де махаббаттан басталады» — деген Сара Алпысқызының сөзінде тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлек, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, бұл пән – қазіргі кезде де мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік – рухани этикаға үйретеді.

Алғаш рет мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін – «өзін-өзі тану» жобасының авторы – С.А.Назарбаева. Осы ретте біздің мектебімізде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.

Бұл онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік –рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру. Онкүндіктің ашылу салтанаты дүйсенбіде ертеңгілік жиын кезінде «Өзін-өзі тану» пәндерінің мұғалімдері Туякова М.К. мен Саак О.А. баяндамалары мен оқушылардың ән-тақпақ айтуларымен өтті.

Келесі күні сыныптар арасында «Мейірімділік – асыл қасиет» қабырға газеттерін қорғау, сондай-ақ  9-қазақ  сыныбы мен 8-9 орыс сыныптарында  «Мейірімге толы жүрек», «Волшебная сила добра» атты сабақтар өткізілді.

Мектеп кітапханашысы Маурер С.А.  «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Шолакова Г.Е. мультимедиялық кабинетте «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмір тарихына арналған презентация сабағын, информатика пәнінің мұғалімі Карибаев К.Б. «Дружбой дорожить умей» атты ашық сынып сағатын өткізді. Сонымен бірге сызу, сурет салу мұғалімі Рахимжанова Д.М. жетекшілігімен «Өнеге отбасынан» атты сурет көрмесі мен «Ана, мейірімділік, достық» тақырыптарында оқушылардың шығармашылық жұмыс көрмелері ұйымдастырылды.

Онкүндік күндері мектепте мектеп ұжымы көмегімен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырып, мүгедек, отбасы жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетілді.

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты болады.

Әрбір оқушы, қоғамдағы адамдар жеке тұлға ретінде кез-келген істі, кез-келген жұмысты сүйіп, махаббатпен қараса, сонда ғана олар өз армандарына, өз мақсаттарына жетеді деген қорытындыға келдік.

Шолақова Гүлнұр Еркінқызы, Осакаров ауданы, Уызбай ауылының №8ОМ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....