26.04.2024

Мейіржан Темірбек. Ұстаз деген әрдайым ұлы есім болып қала береді…

Міне, жадырап жаз өтіп, желдіріп алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Қағаз бен есептің қисабына көмілсе де, қаншама асу белестен ақырын басып асып келеді. Өткеннен белгі қалдырып, келешекке нық, айқын қадаммен басып келеді. Шәкіртіне адал, мейірман, әрдайым қарапайым ашық келеді. Биікке көтерілсе де, талайлардан жазықсыз сөз естісе де, сабырмен қарап, бізге кім қол ұшын созар екен деген үмітпен келеді. Барлығы да әкім де, хакім де, ғалым да, данышпан де ұстаздан тәлім алған кешегі. Таңның атысы, күннің батысы өз баласына қарауға да мұршасы келмей өзгенің бақытын аялаумен, күш аямаумен келеді! Білімнің нәрін, ғылымның бәрін, табиғаттың тылсым сырын, ұлы ақындарымыздың жырын құлаққа құюмен келеді! Ізденісті, талапты, алдына мақсат қойып шәкіртін сүюмен келеді. Өзіне кейде қорған іздеп, кім қол ұшын созар екен деп күюмен келеді! Иа, ұстаз деген ұлы есім, ұстазды құрметтейміз, ешкімге қор етпейміз деп басқа «жұмыстарға» «шегіп» жіберіп құрбандыққа қиюмен келеді. Химиядан «от» алып, физикадан қуат алып, Тарихтың тамырына жетіп, Әдебиеттің майталмандарымен сырласып, Қазақ тілінің тағдырымен мұңдасып келеді. Әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыру жолында барын беріп келеді! Әлі де болса ақ таңдарыңыз бен әділеттіліктің шырайлы шұғыласы бір ататыны анық! Сондықтан, ұстаз деген әрдайым ұлы есім болып қала береді…
КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН! СІЗДЕРГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС, МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗДІҢ ЖЕМІСІН КӨРУДІ ТІЛЕЙМІН!!!

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА