26.04.2024

Жүлделік қоры 25 млн. теңге болатын «Startup«Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталды

«Болашақ» Қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Қауымдастыңтың қабылданған 2017 жылға дейінгі даму стратегиясында жас бизнесмендердің бастамаларына ерекше назар аударылған. Осы жылы енді ғана істерін бастаған кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін, олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту және бизнес-әлеуеттерін жүзеге асыру мақсаттарында бірқатар ірі жобалар қолға алынатын болады.
 
Бүгін, 20 шілдеде, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Қуандық Бишімбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.
 
Брифингте Қ. Бишімбаев «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауындағы жас кәсіпкерлерді қолдау тетіктері жөнінде айтты.
 
d0872601Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңгежәне ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингі атынан берілетін гранттарын қарастырады. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар, қызықты идеялардың авторлары инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып,  «Даму» қорының құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.
 
Әлеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев растады.
 
Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін «Бәйтерек» холдингінің барлық өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады. 
 
Жалпы алғанда, «Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі.
 
«Startup «Bolashak» байқауы барысын республикалық телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.
 
«Болашақ» байқауының стартап-жобалар байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыруға бағытталып отыр. 
 
«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл істерін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуге, нақты бизнес-жоспар жасауға, инвесторлармен кездесуге және ең бастысы бизнесті бастауға қажетті капиталды алу үшін шынайы мүмкіндік», — дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев.
 
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 7172 707 669 және www.bolashak.kz.
 
Байқаудың Ережелерін осы жерден көшіре аласыз.
 
Байқаудың бас серіктесі: Қазақстандағы Ресей жинақ банкінің еншілес банкі.
 
Байқаудың серіктестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қоры, «ТДЖҰА» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «BI Group» холдингі, «Atasu Group of Companies» пен «Sheberbuild» компаниялары және Астана қаласының әкімдігі.
 
Қайда өтініш беруге және кеңестерді қайдан алуға болады?
 
Өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары:
 
Астана
010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қажымұхан көш., 8а
тел.: +7 (7172) 55-91-99, 55-94-34
факс +7 (7172) 55-92-13
 
Алматы
050004, Алматы қаласы, Гоголь көш., 111
тел.: +7 (727) 244-55-66, 244-55-77         
факс: +7 (727) 278-07-76 (ішкі. 3100)
 
Ақмола облысы
020000, Көкшетау қаласы, Ақан Сері көш, 46 А/1
тел.: +7 (7162) 55-11-16, 55-11-18, 55-11-19, 55-11-21
факс: +7 (7162) 33-38-67
 
Ақтөбе облысы
030019, Ақтөбе қаласы, Әбірқайыр даңғы., 51
тел.: +7 (7132) 55-24-35, 55-24-36
факс: 8 (7132) 54-35-08
 
Алматы облысы
040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көш, 86
тел.: +7 (7282) 24-24-30, 55-87-10
факс: +7 (7282) 24-17-27
 
Атырау облысы
060005, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 17
тел.: +7 (7122) 55-81-01
факс: +7 (7122) 35-46-51
 
Шығыс Қазақстан облысы
070019, Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы, 6
тел.: +7 (7232) 56-05-93, 56-05-91, 56-05-90
факс: +7 (7232) 25-11-12
 
Жамбыл облысы
080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 94
тел.: +7 (7262) 99-94-70, 99-94-75, 99-94-76
факс: +7 (7262) 54-11-51
 
Батыс Қазақстан облысы
090000, Орал қаласы, Масин көш., 67/2 
тел.: +7 (7112), 93-34-54, 93-34-53
факс: +7 (7112) 93-34-50
 
Қарағанды облысы
100026, Қарағанды қаласы, Строитель көш, 4
тел.: +7 (7212) 40-09-66
факс: +7 (7212) 40-09-69
 
Қызылорда облысы
120001, Қызылорда қаласы, Журба көш, 12 
тел.: +7 (7242) 55-11-12, 55-11-13
факс: + (7142) 53-23-98
 
Қостанай облысы
110000, Қостанай қаласы, Әль-Фараби даңғы., 65
тел.: +7 (7142) 53-23-98, 99-03-00, 99-03-05
факс: +7 (7142) 53-23-98
 
Маңғыстау облысы
130000, Ақтау қаласы, 16 шағын аудан, «Қайсар» бизнес-орталығы
тел.: +7 (7292) 70-10-51
факс: +7 (7292) 30-43-04
 
Павлодар облысы
140000, Павлодар қаласы, Короленко көш, 109
тел.: +7 (7182) 70-38-02,70-38-10
факс: +7 (7182) 20-83-53
 
Солтүстік Қазақстан облысы
150000, Петропавловск қаласы, Жабаев көш. 191
тел.: +7 (7152) 55-98-10, +7 (7152) 55-98-12
факс: +7 (7152) 55-98-11, (ішкі 38-10), (38-00) 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
160023, Шымкент қаласы, Әль-Фараби ауданы, Рыскұлов көш., 8 А
тел.: +7 (7252) 30-00-27, 99-70-49
факс: +7 (7252) 30-00-27
 
161200, Түркістан қаласы, Қожанов көш. 7
тел.: +7 (7252) 99-70-49 ішкі. 3956
 
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
071400, Семей қаласы, Абай даң., 5
тел.: +7 (7222) 60-00-50, 52-01-59,60-00-57
-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА