21.02.2024

Ахмет Байтұрынұлы. Маймыл мен көзілдірік

Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі,
Ойлады ем етерге оған өзі.
«Көз азса — Көзілдірік емі» деген,
Тиетін құлағына жұрттың сөзі.

Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.

Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
Маймылға көзілдірік ем болмады,
Адамның көздеріне жараса да.

«Жоқ, — деді, — титімдей де пайда тіптен,
Мәжнүн бұл шыныдан дару күткен!
Жақсы-ақ деп Көзілдірік, шулаушы еді,
Бәрі де жалғаншы екен адам біткен.

Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған,
Мен жарым жалған айтқан сөзге нанған.
Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда,
Еңбегім босқа кетті іздеп талған!»

Қараңыз, Маймыл не етті сонда тұрып?
Бір тасқа ұрды бәрін лақтырып.
Ашу мен жарымдықтан пайда бар ма,
Күл-күл боп Көзілдірік қалды сынып.

* * *

Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Мына мысал нені үйретеді, не мән-мағына береді, тәрбиелік мәні, не туралы қандай айтып жібересіздер ме?

  2. Не айтатыны бар?
    Мысалдың оқырманға жеткізейін дегені, әрбір затты орнымен пайдалана білу қажет, дейді.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...