10.10.2024

Алматыда ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтуде

Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған физика-математика орта-мектеп интернаты базасында, математика, физика және информатикадан ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтуде, – деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің арнаулы сайыты.

Шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Нұртілеуұлы Иманғалиев құттықтау сөзімен ашты.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия сияқты әлемнің 15 елінен 60 команда (400-ге жуық қатысушы) қатысады деп күтілуде.

Халықаралық жюрилер құрамында әлемнің 9 елінің: Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Армения,Азербайжан, Белоруссия, Украина және Өзбекстан ғалымдары жұмыс істейтін болады. Жюрилер төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы.

ХЖО 11 жыл бойы өзін жыл сайын бір мектептің базасында өткізіліп, жақын және алыс шет елдердің мамандандырылған үздік мектептерінің жекелеген рейтингтері мен мықты командаларының рейтингтерін шығаратын әлемде теңдесі жоқ бірігей олимпиада ретінде таныта білді. Дәстүр бойынша жеңімпаз команда Гран-при иегері атанады. Жеңімпаз командалар мен олимпиада жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.

15 қаңтарда Назарбаев Университеті ХЖО жеңімпаздарына білім грантары беріледі. 14 қаңтарда Назарбаев Университетіне академиялық бағдарламасы және қабылдау ережесі туралы тұсаукесерін өткізеді, сонымен бірге Қазақ Британ Университеті.

Жабылуы Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА