18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Ырым сөздер мен тйым сөздердің тәрбиелік маңызы туралы

Қазақ халқы өзінің мазмұнға бай ғұмырында бала тәрбиелеудің сан алуан әдістері мен тәсілдерін шеберлікпен меңгерген. Әрине, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі қайнаған қызу еңбекпен, мал шаруашылығымен, егін егумен тығыз байланыста болғандықтан, бала тәрбиесі де өмірдегі ең маңызды құндылықтардың бірі — еңбек етумен байланысты болып келеді. Ал, адам адам болғалы еңбек ету, жұмыс істеу күнделікті өмір сүру қажеттілігінен туындағаны баршаға мәлім. Қайткен күнде еткен еңбек, істеген жұмыс өнімді, жемісті болады деген оймен кез-келген ата-ана өзі еңбектеніп қана қоймай, баласын да еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, оны тиянақты, табанды, тындырымды жұмыскер азамат ретінде қалыптастыруды өзінің міндеті деп білген. Осы бағытта қазақ халқының мол өмірлік тәжірибесінен туындаған, ғасырлар бойы жинақталып, екшелген даналық қағидалары қалыптасқан. Және осы бір қағидаларды халқымыздың өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде пайдалануға мол мүмкіндігі бар екендігіне назар аудармақпыз.
Ата-бабаларымыздың өмір салты төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, қалыптасқан қағидалар да малға байланысты болып келеді. «Құт қашады» деп, малдың басына ұрғызбаған, «ақты төкпе, малдың желіні ісіп кетеді» деп, төгілген ақты (ақ түсті сүт өнімдерін: қымыз, шұбат, айран-сүтті) аяқпен басқызбаған. Күнделікті өмірде сүт өнімдерін төгіп алмауға тырысқан, ал төгілген ақты «несібеміз төгілді» деп, жаман ырымға балаған. Жалпы қазақ халқы ақ өнімдеріне үлкен құрметпен қарағанын аңғарамыз, байқаусызда үйге кіріп кеткен жыланның да басына ақ құйып шығаруы осының дәлелі болса керек. Сойылған малдың сирағын далаға тастамай, «малдың тұяғы азаяды» деп, оны кәдеге жаратуға тырысқан. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын» деп, малды тебуге болмайтындығын ұқтырған. Тіпті малды біреуге сыйға тартқанда, немесе сатқан кезінде де малды байлап әкелген ноқта жібін, «берекем қоса кетпесін» деп, қайтарып алған.
Бабаларымыздың салты аң-құстарға да үлкен құрметпен қарауды үйретеді. «Арыстан – аң патшасы, бүркіт – құс патшасы» деп қастерлеп, аққу құсты атқызбай, бөлтірік, күшігендерге және балапандарға тиіспеуді балалардың құлағына құйып отырған.
Осылайша, қазақ халқының тұрмыс салтынан туындаған ырым сөздер мен тыйым сөздер сан ғасырлар бойы жас ұрпақты тәрбиелеу барысында қалыптасқан тәрбие мектебіне айналған деуге болады. Дегенмен де, балалардың жеке басын әдептілікке, тәртіптілікке тәрбиелейтін ырым сөздер мен тыйым сөздердің орны бөлек.
Солардың бірі «үйге қарай жүгірме» деп, қандай да бір хабар жеткізуде сабыр сақтап, байыппен жеткізуді түсіндіреді.
«Үлкеннің алдын кесіп өтпе» деп, үлкендерге құрметпен қарауды баяндайды.
«Кемтар жанға күлме» деп, аяушылық, мейірімділіккке тәрбиелеуді көздейді.
Қазақ халқының жақсы дәстүр салтының бірі қонақ күтумен байланысты туындаған қағидаларды шынайы өмір мектебі деуге болады.
Келген қонаққа төрден жайлы орын ұсыну, хал-жағдай сұрасу, сусын ұсыну, тамақ қамына кірісу, оның ұйықтап демалуына жағдай жасау дегеннің бәрі де қалыптасқан арнайы бір қағидалар бойынша жүзеге асып жатады.
Ендеше, біздің кемеңгер қазақ халқы жас ұрпақты тәрбиелеудің тағылымы мол тәсілдерін қалыптастырып қана қоймай, оны күнделікті өмірде ыждағаттылықпен қажетке жарата білген деген ой түйіндейміз.
Мектеп мұғалімдері халықтың осындай асыл қазынасын, өмірлік қағидаларды тіл дамыту сабақтарында, сынып сағаттарында, ата-аналармен жұмыс барысында пайдалана білсе, тәрбиеге байланысты біраз мәселелер шешімін тапқан болар еді деп ойлаймыз.

Шалбаева Ж.Ж. – Алматы қаласы №69 мектептің қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...