24.07.2024

Бала ғылыми жұмыспен айналысуы керек пе?

Мұғалімдерді “Бала ғылыми жұмыспен айналысуы керек пе?” деген сұрақ көп мазалайды. Өз пікірімді білдіргім келіп отыр. Бұл баяндама, я болмаса ресми мақала емес. Бұл – менің жеке пікірім.
Баланың “білсем, көрсем” деген ынтасын жоймау керек. Ғылыммен айналысқаны дұрыс. Баланың жастайынан пайымдау, зерделеу, түйіндеу сияқты қабілеттерін кемелдендіру ешқайсысына кедергі келтірмейді. Мысалы: қорадағы лақтың күніне не жейтіні, қанша тамақ, қанша су ішетіні, неше кило салмақ қосатыны, қанша сағат ұйықтайтыны сияқты жұмыстармен айналысса:
1.Сана-cезімі кеңейеді;
2. Ғылымға қызығушылығы оянады;
3. Жанашырлық, қамқорлық сезімдері артады;
4. Ауылдық өмірге бейімделеді;
5. Өзін қоғамның бір мүшесі екенін сезінеді;
6. Қоршаған орта үшін жауапкершілігін түйсінеді және т.б.

Жанат Қажығалиева. жазба автордың фб парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА