19 C
Нур-Султан
21.09.2023

Білім беруді жетілдіруге 70 млрд теңге бағытталатын болды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында мектептер мен үш ауысымдық оқу мәселесін шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлу қажеттігін қадап айтты, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
— Біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту болып табылатыны сөзсіз. Бұл дегеніміз, ең алдымен апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін түбегейлі шешу болып отыр. Ендеше, аталған проблеманы түбегейлі шешетін уақыт жетті деп есептеймін. Алайда, үш жылдық бюджетте қарастырылған қаражат бұл мәселені 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан үкіметке осы мәселені шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлуді тапсырамын, — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін де атап өтті. «Орын жетіспеушілігін қысқартуға үш жыл көлемінде қосымша 20 млрд теңге бағыттауды тапсырамын. Бірақ, бұл мәселеде, мемлекеттік қаржыны жұмсауға әуестенбеу керек. Жеке бизнесті тарту керек, әкімдердің бұл жұмысты мықтап қолға алғаны жөн, — деді ол өз мәлімдемесінде.

Бақ.кз

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...