16.07.2024

Білім беруді жетілдіруге 70 млрд теңге бағытталатын болды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында мектептер мен үш ауысымдық оқу мәселесін шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлу қажеттігін қадап айтты, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
– Біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту болып табылатыны сөзсіз. Бұл дегеніміз, ең алдымен апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін түбегейлі шешу болып отыр. Ендеше, аталған проблеманы түбегейлі шешетін уақыт жетті деп есептеймін. Алайда, үш жылдық бюджетте қарастырылған қаражат бұл мәселені 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан үкіметке осы мәселені шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Елбасы балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін де атап өтті. «Орын жетіспеушілігін қысқартуға үш жыл көлемінде қосымша 20 млрд теңге бағыттауды тапсырамын. Бірақ, бұл мәселеде, мемлекеттік қаржыны жұмсауға әуестенбеу керек. Жеке бизнесті тарту керек, әкімдердің бұл жұмысты мықтап қолға алғаны жөн, – деді ол өз мәлімдемесінде.

Бақ.кз

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА