26.04.2024

БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП КҮШЕЙТІЛМЕК

Білім саласын тағы бір ауқымды реформа күтіп тұрған секілді. Бүгін Астанаға жиналған жоғарғы оқу орындарының ректорлары бала оқытатын болашақ ұстаздардың біліміне күмән келтірді. Сондықтан педагогикалық мамандықты таңдаған студенттер тек мемлекеттік университетте оқуы тиіс деген тосын бастама көтерді.

Тіпті осы мамандық иелерін тегін оқыту мәселесін көтерді. Оның үстіне мұғалім болғысы келетіндерге тесттен алатын ұпай саны көбейтіліп, шығармашылық емтихан тапсыруы міндеттелуі мүмкін. Бала оқытуға көлденең көк атты емес, осы мамандыққа бейімі бар талантты қыз-жігіттер іріктелуі тиіс. Себебі мектептерде жоғары білімі болса да, шаласауатты мамандарға толып кетуі ректорларды тым алаңдатып отыр екен. Сондықтан оқу орнын бітірген жастарды бірден жұмысқа алмай, алдымен тыңғылықты тәжірибен өткізбек. Сосын ғана мектептерге ұстаздық етуге жолдама берілуі қажет. Тосын бастамаға қызыққан Білім министрі ұсынысты жан-жақты зерделеуге уәде етті. Ал ректорлар бастамалары жүзеге асса, оның білім сапасын көтеретініне тым сенімді.

Серік Пірәлиев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

— Оқуын бітірген соң жас маман білікті ұстаздың жанында үйренсе. Тәжіобиеден өтсе. Сосын аттестациядан өтіп білімін дәлелдесе деп отырмыз.

http://kaz.gazeta.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА