26.04.2024

Қанат Ислам мектеп оқушыларымен кездеседі

«Зияткер ұрпақ» жобасы аясында боксшы Қанат Ислам Алматы облысында мектеп оқушыларымен кездеседі.
Алматы облысы бойынша жоба аясында даңқты кәсіби боксшы, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Қанат Ислам Іле ауданы Боралдай ауылындағы № 15 мектептің оқушыларымен кездеседі. Даңқты боксшы мектептің жоғары сынып оқушыларына спортта жетістікке жетудің сырларымен бөлісіп, салауатта өмір салтын қалыптастырудың маңызын түсіндіреді.
Айта кетейік, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы бастап отырған «Зияткер ұрпақ» жобасын өңірлерде жүргізіліп жатыр.
«Жобаның мақсаты – оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. Бұл үшін біз «халық мұғалімдерінен» құралған еріктілер қозғалысын құрып, оны одан әрі дамытуды көздеп отырмыз. Ауыл жастарына үлгі-өнеге беру арқылы орын алған кемшіліктерді жойып, жетістіктерге жетуіне түрткі болуды көздеп отырмыз» дейді қозғалыс медиадиректоры Қанат Әуесбай.
Жоба аясында қалада тұратын білімді азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді курс сабақтарын өткізеді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе аптаға, әйтпесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ол мектеп пәндері (математика, шет тілі, т.б.) шеңберінде, сондай-ақ көшбасшылық қабілет, кәсіби бағдар, IT технологиялар және тағы басқа сияқты айрықша сипаттағы мәселелерге байланысты еркін тақырыпта өтеді.
Қазірде қазақстандық танымал саясаткерлер, блогерлер, бизнесмендер, әртістер мен басқа да тұлғалар жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Алғашқылардың бірі болып ел арасына белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин, Мұрат Әбенов, продюсер, әнші Айгүл Иманбаева, Жалпыұлттық қозғалыс Кеңес төрағасы Данат Жұмин, журналист, тележүргізуші Қанат Әуесбай, актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов, актер, шоумен Азамат Сатыбалды, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен барды. Өмірінде белгілі бір жетістікке жеткен кез-келген азамат «халық ағатушыларынан» құралған топ құрамына еніп, ауылдағы өскелең ұрпақ дүниетанымының кеңеюіне, болашағын айқындауына өз үлесін қосуына болады. Қозғалыс мүшелері қолға алған бұл өнегелі іс жүздеген, тіпті, мыңдаған жеткіншектің бағын ашып, елімізді өркендету жолындағы елеулі еңбек боларына сенеді.

baq.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА