13.06.2024

ҰБТ-НЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ ҚАНША?

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 71 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71% – ы қазақ тілінде, 29% – ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 74% – ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны осы аптада үш талапкер жинаған.
Естеріңізге сала кетсек, күн сайын ҰБТ екі лекте өткізіледі. Статистикаға сәйкес, таңғы лекте ҰБТ тапсырушылардың орташа балы түстен кейінгі лекте тапсыратын талапкерлерден жоғары. Қазіргі уақытта айырмашылық 5 балды құрайды: сәйкесінше 69 және 64 балл.
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде266 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 126 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 94 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесеережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА