31 C
Нур-Султан
02.06.2023

ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер қай университеттерді таңдайды?

Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің қай университеттерді таңдайтыны анықталды.

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген Қазақстан ЖОО-ларының 2022 жылғы рейтингінде жазылған.

«ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлер ең көп баратын жоғары оқу орындары келесідей: Қазақстан-Британ техникалық университеті (104 балл), Астана медицина университеті (101 балл), С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (94 балл)», — деді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Керісінше, мына ЖОО студенттерінің ҰБТ-дан жинаған орташа балы ең төмен болған: Қазақ қатынас жолдары университеті – 50 балл; Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты – 50 балл; Ж.Тәшенов атындағы университет – 48 балл; Қызылорда технология және қызмет институты – 22 балл.

Сонымен қатар, талапкерлердің 85% — ҰБТ-ны екі рет, 4% — үш рет және тек 11% ғана — бір рет тапсырған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...