4 C
Нур-Султан
02.04.2023

Түркістан облысында 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес

Түркістан облысында 300 -ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек айтты.

«Ұстаздардың жоғары білім туралы дипломдарының дұрыстығын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Онда жұмыс тобы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданындағы 97 білім беру мекемесінің 3477 педагогінің тізімін жолдады», — деді Сәбит Әсілбек.

Нәтижесінде бүгінгі күні 128 мұғалімнің дипломдарының шынайылығы расталмаған. Сондай-ақ сұрау салынған 30-дан астам жоғары оқу орнының тек 15-і ғана жауап берген. Қалғандарынан жауап күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, шет ел дипломдары бар 432 мұғалімнің де дипломдарына тексеру жүргізілген. Онда да біршама заң бұзушылықтар анықталған.

«Білім туралы құжаттарды тану (нострификация) мақсатында білім беру мекемелері қызметкерлерінің жоғары білімі туралы шетелдік дипломдарға Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім саласындағы сапаны бақылау комитетіне хат жолданды. Комитеттің жауап хатына сәйкес 432 мұғалімнің 196-ның Білім туралы құжаттары расталмағаны анықталды. Бұл факт заң талаптарын бұзумен қатар жалған диплом ретінде қабылданады», — дейді Сәбит Әсілбек

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...