-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Президенттік олимпиада жүлдегерлеріне білім гранты беріледі

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы өтті.

Олимпиаданың үшінші кезеңі 29 қараша-2 желтоқсан күндері академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді. Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті (9) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) сияқты ЖОО-ларда оқуға грант алады. «Олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша жарысқа түсті. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары бақ сынайтынын еске саламыз. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және гранттарды бөлуде басым құқыққа ие болады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. Мысалы, былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 жоғары оқу орны осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлген. Министрлікке қарасты «Дарын» орталығының өкілдері жоғары оқу орындарын білім гранттарын бөлу бастамасын қолдауға шақырды. Осылайша, биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөліп отыр. Олимпиаданың жабылу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні өтеді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...