27.07.2024

Астана мен Алматыда екі француз мектебі ашылады

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде Президенттер білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өткен.

«Олар Астана мен Алматыда екі француз мектебін ашуға және дамытуға қолдау білдірді.

Студенттердің ұтқырлығын, атап айтқанда «Абай-Верн» бағдарламасы шеңберінде шәкіртақылар санының көбеюіне және «Болашақ» бағдарламасы бойынша француз жоғары оқу орындары тізімін кеңейту арқасында арттыруды қолдады.

Сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтын қайта форматтауды қолдайтындықтарын білдірді және 2022 жылғы 30 қарашада Парижде 7-ші Қазақстан-Франция жоғары білім форумының өтуін, сондай-ақ білім беру саласындағы бірқатар құжаттарға қол қоюды құптады», – делінген Ақордаға жариялаған бірлескен құжатта.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА