-10 C
Нур-Султан
22.03.2023

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі тақты. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгенің сертификатын алды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Байқаудағы биылғы ерекшелік — әр өңірден барған ұстаздар елорда мектептерінің бірінде ашық сабақ өткізіп, әдісімен бөліседі.

30 жылға жуық білім саласында тәжірибесі қалыптасқан Қызылорда қаласындағы №23 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Райкүл Қиясова үздіктер қатарынан көрінді. Ол бұған дейін Польша республикасының Варшава қаласында өткен еуропа елдері арасындағы ІІІ олимпиаданың жеңімпазы атанып, аймаққа олжалы оралды.

Сондай-ақ, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ІІ дәрежелі жеңімпазы. «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

«Үздік педагог» байқауының тағы бір жеңімпазы ауыл мектебінің мұғалімі — Салтанат Қосжанова. Ол Жалағаш ауданындағы №123 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ береді. Педагогикадағы үздік тәжірибесі ескеріліп, «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісін алған.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының ІІІ дәрежелі жеңімпазы атанған.

Елордадан жеңіспен келгендердің ендігі бірі педагогикада 20 жылдан бері шәкірт тәрбиелеуде. №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Ләззат Құлымбетованың аймаққа есімі белгілі.

Ұлағатты ұстаздың шәкірті Ерасыл Сапарбеков Ыстанбұл қаласында өткен 17 Халықаралық олимпиададан ІІІ орын иеленген және Халықаралық зияткерлік олимпиадада жеңімпаз атанғаны үшін ҚР Президент марапатын иеленген.

Өңір атынан республикалық додада топ жарған Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Ұлжан Есмаханова «Үздік ұстаз» атанды. Оның педагогикалық тәжірибесі республикалық денгейде бірнеше мәрте таратылған. «Worldskills Kyzylorda – 2020» облыстық чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған. «2021 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» номинациясына ие болған.

Айта кетейік, аймақта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен жыл қорытындысымен еңбегімен көзге түсіп, білімімен топ жарған 10 ұстазға желтоқсан айында бір реттік 900 мың теңгенің ақшалай сертификаты табысталады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...