-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды

Абай облысындағы мектептерге 7 мыңнан астам камера орнатылды.

Абай облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша мектептерге 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылды.

«Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 1 259 камера бар. Бірақ олардың ішіндегі 813 данасы (76%) ауыстыруды талап етеді, — дейді басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Сондай-ақ 24 қосымша білім беру мекемесінде 223 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Осы мекемелердің барлығында дабыл жүйесі орнатылған.

«БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында және облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс. Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,4% құрайды», — дейді Нұржан Ахметқалиев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...