-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Қазақстандық колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер саны 3 мыңға дейін жетті

Қазақстандық колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) бар студенттердің саны артты. Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1 100-ден астам ерекше бала түсті, бұл былтырмен салыстырғанда 300-ге жуық балаға артық.

Бүгінгі таңда қазақстандық колледждерде ерекше білім беру беру қажеттілігі бар 3 мыңнан астам бала оқиды. Ерекше студенттер санының артуы колледждердің кедергісіз қолжетімді болуы және жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды қабылдау есебінен мүмкін болды.

«Мемлекет басшысы ел халқына Жолдауында білімнің қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен еді. Техникалық және кәсіптік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігі Мамандықтар мен біліктілік тізіміне өзгерістер енгізіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін шектеулерді алып тастады. Әрине мамандардың медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің қандай да бір түрі студенттерге рұқсат етілу не етілмеуі ескерілді. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әртүрлі преференциялар қарастырылған. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларды колледждерге қабылдау әңгімелесу арқылы жүргізіледі, оларға жеке аудитория беріледі, сондай-ақ оларды педагог-ассистенттер алып жүреді.
Көру және есту қабілеті бұзылған колледж студенттері жоғарылатылған мемлекеттік стипендияны алуға құқылы. Яғни оның белгіленген мөлшері — 75%. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттермен жұмыс істейтін оқытушыларға қосымша ақы қарастырылған», — деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...