20.05.2024

Оқушылардың жазғы демалысы неге қысқарады?

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылында оқушылардың жазғы демалысы неге қысқаратынын түсіндірді.

«Жаңа оқу жылында елімізде 3,6 млн баланы қамтитын 7 637 мектеп жұмыс істейді. Келесі оқу жылы 1 қырқүйекте басталып, 36 аптаға созылып, 31 мамырда аяқталады. Жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі демалыстарына шығады. Сәйкесінше, жаз айлары толығымен балалардың демалыс уақыты бола береді», – деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырсында.

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде оқушылардың жазғы демалысы өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай ұзақ.

«Жазғы демалыстың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ең ұзақ – 92 күн. Жалпы, бір оқу жылында балаларға 4 рет демалыс қарастырдық. Оған қоса, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы барлығы 192 күн демалып, тек 173 күн метепке барады», – деді министр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА