16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді

Студенттерге баға қою кезінде оның академиялық білімімен бірге әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін пилоттық жоба қолға алынады.

Үкімет отырсында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осындай мәлімет берді.

«Еңбек нарығын жоғары білім деңгейінде тәжірибелі мамандармен қамтамасыз ету және оларды мобильді даярлау үшін қолданбалы бакалавриат моделі енгізілді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде 8 жоғары оқу орнының базасында жаңа бағдарламалар іске қосылады.

Сондай-ақ, 4 жоғары оқу орнының базасында пилоттық режимде студенттердің әлеуметтік және зерттеу белсенділігін ескеретін білім алушыларды бағалаудың жаңа моделі, яғни интегралдық GPA пилоттық жобасын бастап жатырмыз. Енді студенттерді бағалау кезінде тек академиялық көрсеткіштер емес, зерттеулерге, волонтерлік, дебаттық қозғалыстарға қатысуы да ескеріледі», — деді министр.

Оның айтуынша, тамыздың соңында жоғары білім беру саласының өкілдері дербес Тамыз конференциясын өткізбек.

«Төртіншіден, жоғары оқу орындары академиялық процеске дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты аяқтады. Ректорлармен үш үлкен кездесу өткіздік. Білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, кестені бекіту, педагогикалық жүктемені анықтау, оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды.

24-25 тамызда Тамыз конференциясын өткіземіз. Форум аясында форсайт-сессиялар мен бірқатар семинарлар ұйымдастырылады», — деді ведомство басшысы.

Бұған дейін ЖОО практик-мамандар мен топ-менеджерлерді студенттер мен магистранттардың дипломдық және зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге тарта алатыны айтылды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...