-
МЕКТЕП
Мектеп туралы, оның жетер-жетпейтіні, құрал-жабдығы, тағысын тағы талдап, жіліктеп, қалай жеткіземіз, үш ауысымнан қалай арыламыз деген сұрақтарды қойғанмен, нақты бір нәтиженің «көзі көрінбейді». Себебі, біз бұл мәселені нақты мектеп жағдайымен емес, біржақты, материалдық қажеттілікпен өлшейміз.
Шенеуініктердің май басқан миы дебет-кредитті келістірген күні бұл проблема бірден күн тәртібінен түседі.
2. МҰҒАЛІМ
Мұғалімнің мәртебесін шулатып келе жатқанға да біраз уақыт болды. Негізі, жалақыны заңсыз-ақ та көтеруге болар еді. Мәртебе деп шулатпай. Педагог атаулының барлығын бірімен бірін қырылыстырмай. Заңмен мәртебелі бола алмайды. Тіпті Президенттің өзі, көздеріңіз жеткендей. Қоғам қатал да қатыгез. Мүдделі болмаса бірақ күнде жалт бұрылып, сатып жібереді. Ал, модератордан шеберге дейін біліктілік санатын беру үшін заңды қабылдамай-ақ қою керек еді.
Мұғалімнің мәртебесін тестпен де көтеру мүмкін емес. Аттестация ережелерінде шектік баллды шарықтатып қойыпты. Жа, жарайды, шарықтатсын. Бірақ, тест сұрақтарын көріп жылағым келді. Абдығаппар Жанбосыновтың Торғай орталығындағы көтерілісті басқарғанын білемін, бірақ көтерілістің орталығы туралы жатқа білуімнің қажеті қанша?! Ең бастысы, көтерілістің себеп-салдарлары, ішкі-сыртқы әсері, талдауы. Ал, жер-су атауларының, толып жатқан есімдердің жатқа білуімнің қажеттілігі қанша?!
Жас мамандарға соншама қолдау көрсетіп, жеңілдіктер бергенде, жасы келген мыңдаған тәжірибелі мұғалімдердің қартайып қалғанының не кінәсі бар?! Ондай болса зейнетке жіберіңдер ерте. Мұғалімдерге 25-жылдық еңбек өтілін қайтарыңдар. Тәжірибесімен бөліссе «советски ойлайсыңдар» дейді. айналайындар-ау, қайдағы «савецки», оның құрығанына 30 жылдан астығой. Қазіргі істеп жүргендердің барлығы тәуелсіз Қазақстанда еңбек жолын бастағандар.
Аттестация мен профстандартты көріп өзіме өзім жаным ашып кетті. Робот болуым керекқой. Мәртебемен марқайтып, ережемен қартайтайын дегенғой.
3. ОҚУШЫ
Оқушы меңгере алмайды, оқушы түсінбейді, оқушы оқымайды, кітапты ашпайды, баға қоймағасын қызықпайды деп бір әлекке басады.
Оқушыға еңбек пен бейнелеу керек — ең маңызды, жоооқ, оқушы жаратылыстану-математика ғылымдарын игеру керек, әйтпесе әлемнен қалып қоямыз деп екіншісі дабыл қағады.
Жоқ, дене тәрбиесі ең маңызды, денсаулығы жоқ дейді. Денсаулығымен уәкілетті министрлік айналыссын, мектептің міндеті салауатты өмір салтына баулу, денені шынықтыру мен күтуін үйрету. Спортсмендерді спорт министрлігі дайындасын. Мектептің міндеті — спортқа баулу.
Үшіншісі, масқара, жазуы не, сөйлеуі не, тіл білмейді, Лениннің туған күнін білмейді, Қазақтың бірінші ханын білмейді, Ом заңдарының 1-2-сін айыра алмайды. Ол бала роботпа, барлық ғылым негіздерін бірдей игеруі?!
Біреуі де балаға НЕ керек, оны НЕ қызықтырады, ОНЫҢ бет алысы қандай, оның АЙНАЛАСЫ нені қалайды деп бірі сұрамайды. Оның бір күнгі уақытының бөлінуі, жүктемесінің тиімділігі, өзін-өзі дамытуға ыңғайлығы, тағы басқалары туралы ойлап та, зерттеп те, талдап та жатқан жоқ ешкім. Бұл мәселе шешілсе мектеп қабының салмақ мәселесі шешілер еді.
Және, қаптап ктекен дарынды балаларға арналған мектептер. Дискриминация, бала құқығын таптау барып тұрған.
Мектептің міндеті — негіздеу, дамыту. Яғни фундаментін салып, қабырғаларын қалап, лабиринттен шығу жолын табуға көмектесу. Грузчиктер мен таксистердің санын көбейтпей.
4. АТА-АНА
Әр ата-ана өз баласына тек ең жақсыны алып беруді қалайды. Мәні мен мазмұнының маңызын түсінетіндер сирек кездеседі.
Бір ата-ана баласын мектепке сеніммен тапсырады. Екіншісі — күдікпен. Үшіншісі — үреймен. Сеніммен тапсырған ата-аналардың балалары екі-есе табысты болады, екіншісі — айлакер, үшіншісі — лузер.
Бүгін бір жиында ата-аналардыда баласымен бірге тәрбиелеу керек дейді. Иә, тәрбиелеу керек. Бірақ, сен сөйт-бүйт деп емес, баланың дамуына бірге ат салысып, оның даму траекториясын бірге құру, шешімді бірге қабылдау, тығырықтан шығу, проблеманы шешу жолдарын бірге іздеу, табу.
Желідегі мұғалімдердің өзара айтыс-тартысын көрген ата-аналар да, басшылар да, барлық мұғалімдер мен мектептерді артта қалып қойған сынық арбадай көріп, осы тақырып бойынша өздеріне пиар жасап, билікке өрлеу «қасқа» жолын салуда.
5. БІЛІМ МАЗМҰНЫ
Білім мазмұнын сөз қылушылар тұжырымдамасын айтқанда әп-әдемі, дұп-дұрысақ айтады да, талдауға келгенде білім мазмұнының құрылымы мен міндетін де түсінбейді ма дейсің. Өйткені, бұрыңғыны аңсап, жоқ нәрсеге бұра береді.
БІЛІМ МАЗМҰНЫ кең ұғым. Ал сапаны талап етіп, айқайлап-шулататындар ПӘН МАЗМҰНЫН айтады. Иә, пән мазмұнын өңдеу керек. Өңдеу үшін ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН жасау керек.
Бірақ, тұтас қалыптасқан жаңартылған мазмұнды «құртыңдар, жойыңдар»-деп ұрандатып, ағайын, мүлдем жарға құлап жүрмейік. Қазіргі заман 30-20, тіпті 10 жыл бұрыңғы емес. Кезінде іске асыра алмаған амбицияларыңызды алға тартамын деп, болашақтың обалына қалмаңыздар.
10-11 класс оқушылары сабақпен қатар «колледжде оқып мамандық алып шығу мүмкіндігі бар»-дегенге сенбеймін. Бұның астарында не жатыр?! Менің ойымша, тағы бір келесі «мәнсіз» реформаны желеу етіп бюджеттің ақшасынан басып қалу. Бұны министрдің ауызына салып берген ақылгөй — баланың да, білім беру саласының да, министрдің де қас жауы.
ЭПИЛОГ
Қазір білім саласындағы ең өзекті, ең маңызды мәселелер, ол уәде еткен мемлекеттік стандарттағы білім салалары бойынша оқу бағдарламаларының ПӘНДІК МАЗМҰНЫН реттеу, геосаясаттың ҰЛТ, МЕМЛЕКЕТ қауіпсіздігіне әсерін ескере отырып мемлекеттік мектептердің СТАТУСЫ мен оқыту ТІЛІН бір ыңғайға келтіру, білім мазмұнын экономиканы дамытуға бағыттап, оқыту ұзақтығы мен кәсіптік бағдарлау мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу.
Мұғалімді қинай бермей, оның дамуына жағдай жасау керек. Уақытын қағаз жинаумен емес, біліктілігін арттырып, кәсіби жетілуін қамтамасыз ету керек.
Оқушыларды өбектей бермей, басымен ойлап, қолымен істейтін жағдай құрған жөн айналасында. Класқа кірсең, үйіндегіндей қабы да, құралдары да шашылып жатады. Қоқысты алдындағы сынып тастап кетті деп көтеріп жинамайды да. Сабақ санын көбейте бермей бір мезгіл еңбек еткізгенде дұрыс.
Ата-ана да өз бетінше педагогтерге жатады. Ендеше, олардың айтқандарын ала жөнеліп заңдарды өзгерте бермей, бірге жетелеп, ауыртпалықты өздеріне салып, білім мазмұнының сапалы іске асуына белсенді араластыру жолдарын ойластыру керек.
Депутаттардың сайлауына жұмсалатын ақшаны одан да мына білім мазмұнынынң негізін салушылар мен сарапшыларына бөлгенде, мемлекет үшін пайдалырақ болар ма еді. Өкінішке орай, жұмыскерлерге келгенде мемлекеттік бюджет «тартылып» қалады.
Жақсы, жаңа министрдің қадамдары «жалқыдан жалпыға» қарай басады деп сенейік.
Дана РАУ