-14 C
Нур-Султан
01.12.2022

Қазақ мектебінің мұғалімі нашар ма?

Нұр-Сұлтан қаласы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы ата-аналарға балаларын орыс сыныптарына бермеуге кеңес береді. Бұл туралы ол үнемі мақалалар жазып, өзінің ұстанымын анық білдіріп келеді. Бүгін де ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ мектептері мұғалімдерінің биылғы көрсеткіштері туралы жазды.
«Орыс мектептері мықты, қазақ мектептері әлсіз деген түсінік бар ғой біздің қоғамда кеңестік заманнан мұраға қалған…
Соны 2017 жыл бір зерттеп, «Баласын орыс сыныбына бергендерге жаным ашиды» — деген мақаламда қазір мүлде басқа екенін нақты дәлелдеп ем…
Биыл соны кеңірек таратқым кеп жеке-жеке талдайын…
Орыс мектептерінің мұғалімдері үздік, қазақ мектебі нашар дейтіндер үшін, төмендегі ақпарат сіз үшін!
Қателеспеңіз!
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
Соңғы 10 жылда «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсынан 36 педагог жеңімпаз болған екен.
Олардың ішінде қазақ тілінде білім беретін 25 педагог, бұл жалпы санының 70% — ын құрайды.
Орыс тілінде білім беретін — 7 (20%).
Қазақ және орыс тілінде білім беретін 4 педагог бұл (10%)».
 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...