17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Қазақстан физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында үздік үштікке енді

Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында 5 медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді. Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс және 4 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

«Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдердің жасөспірімдерімен жарысқа түсу мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Жақында ғана оқушыларымыз химия пәнінен 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, оқушыларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, үздік үштікке енді. Физика пәнінен Азия олимпиадасы — ең қиын олимпиадалардың бірі болып есептелетінін айта кеткен жөн. Ал, біз әлемдік пәндік олимпиадаларда дәстүрлі түрде көшбасшы саналатын елдерді де басып оздық. Оқушыларымыз 5 медальмен қоса 2 құрмет грамотасына ие болды», — дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Физика пәнінен Азия олимпиадасындағы жеңіс оқушыларға ұлттық құрамаға енуге және Қазақстанның намысын халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) қорғауға мүмкіндік береді.

Республика намысын әлемдік аренада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларынан 10-11 сыныптардың 8 оқушысы қорғады. Олардың барлығы республикалық физика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Биыл зияткерлік сайыстар 24-31 мамыр аралығында қашықтық форматында өтті. Оған Қытай, Малайзия, Румыния, Ресей, Сингапур, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және басқа әлемнің 27 елінің өкілдері қатысты.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...