27.07.2024

Мамандық таңдау: Қай салада жұмыс орны көп?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы республика бойынша барлығы 36 976 бос жұмыс орны тіркелген. Оның ішінде бос басшылық лауазым және мемлекеттік қызметтегі орын саны – 1 464. Бұл ретте, өндіріс және арнайы сервистік қызметтер саласындағы корпоративтік сектордағы мамандандырылған бөлімшелердің басшыларына сұраныс жоғары екенін байқадық.

Былтыр бұл санатта 820 бос жұмыс орны болған. Елімізде сонымен қатар мұнай-газ ісі инженерлері жетіспейді, мұндай 5 773 бос жұмыс орны бар. Ал әлеуметтік салаларға жататын денсаулық сақтауда – 2 495, білім беруде 1 344 бос жұмыс орны тіркелген. Ең көп жұмыс орны – қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлеріне тиесілі, онда – 5 559 орын, келесі кезекте күзетші – 2 114 орын, сатушы мен сауда саласы жұмыскері – 2 099 орын, жүк көлігі, автобус және троллейбус жүргізушілері – 2 236 бос жұмыс орны тіркелген.

Биыл елімізде 261 000-ға жуық адам орта мектепті бітіреді, оның ішінде 109 мың адам 9-сыныпты аяқтаса, 152 мың адам 11-сыныпты тәмәмдайды. Түлектердің таңдауына келер болсақ, 131 мыңға жуық адам колледжге, 103 мың адам ЖОО-ға барады екен. 2022 жылы Қазақстанның ішкі еңбек нарығына шамамен 295 мың жұмысшы қосылады деп күтілуде. Базалық сценарий бойынша қызметкерлерге деген қажеттілік 188,6 мың адамды құрайды. Тиісінше қалған 106 мың адам жеке немесе объективті себептермен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жұмыссыздар саны 2069 адамды құрады, оның ішінде 1599-ы жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік жәрдемақы алса, 370-і жұмыс іздеушілер қатарында.

 

 

Венера Жоламанқызы

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА