04.10.2024

Елімізде оқушыларға сыйақы беру туралы заңға қол қойды

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдер туралы нормаларды көздейтін “Білім туралы” заңға түзетулер енгізді. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,77 миллион теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3,18 миллион теңге), қола медальға 500 АЕК (1,55 миллион тенге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.
Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі. Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

“Кеше Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтадым. Жеңімпаздарға дипломдарын табыстап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап бердім.

Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық аймағының 920 қатысушысы иеленді. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанды. Олар аудандық, қалалық, облыстық олимпиадалардың елегінен өтіп, республика көлеміндегі үздіктердің үздігі атанды”, – деп бөлісті министр.

Аймағамбетов жас қатысушылардың жеңістері барынша әділ болуы үшін биыл барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесі автоматтандырылғанын, яғни олар электрон форматта өткенін айтты.

“Былтыр оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі олимпиадаларда жеңіп алған медальдары рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл өз рекордымызды жаңартамыз деп үміттенемін”, – деді ол.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА