26.04.2024

Оқуды жаңа бітірген 32 мың жас мұғалімнің 10 пайызы ғана біліктілік тестінен өте алған

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ұлттық біліктілік тестілеу процесін түсіндірді.

Оның айтуынша, аттестация — педагогтің біліктілігін растаудың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан рәсімі. Басқа елдердегідей, оны жүзеге асыру тәртібі уақыт талабына қарай өзгеріп келеді.

Жыл сайын білімін жетілдіретін педагогке 5 жыл сайын біліктілігін растау қиындық тудырмайды. Оның үстіне мұғалім аттестациядан өтпесе, жұмысын жалғастыра береді. Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді.

«Мұғалімнің біліктілігі балаларды оқыту мен білім сапасына тікелей әсер етеді. Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп отыр. Онымен қоса, ата-аналар қауымының талабы да артып келеді. Сол себепті мұғалімдердің құзыреттілігін тексеру құралдары үнемі жетілдіруді қажет етеді. 2018 жылға дейін аттестаттау жүйесі басқаша болатын. Ол кезде екінші, бірінші және жоғары санаттар болды. Ал қосымша төлемдер мынадай болды: екіншісіне – 5 мың теңгеге жуық, біріншіге – 7 мың теңгеден жоғары, ал жоғары санатқа – 17 мың теңге. Әрине, бұл мардымсыз қосымша төлемдер болды. Қоғамда жалақыны көтеру мәселесі белсенді көтеріліп, мұғалімдер педагогикалық шеберлік деңгейіне қарай сараланған жалақыны талап етті. 2018 жылдан бастап аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді, оған сәйкес біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемдердің мөлшері жалақының 30%-дан 50%-ға дейін көлемін құрайды. Мысалы, педагог-шебер 300 мың теңге алса, онда қосымша ақы 90 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін. Аттестаттаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ақысын шеберлік деңгейіне қарай ондаған, жүз мың теңгеден артық көтеруге мүмкіндік берді» деп жазды бірінші вице-министр Facebook парақшасында.

Ережеге сәйкес, мұғалімдер бес жылда бір рет біліктілігін арттырады немесе растайды.

Егер мұғалім бірінші рет сынақтан өтпесе, оны қайта тапсыруға мүмкіндігі бар екенін түсіну керек. Ең бастысы, сынақтан өтпеген ұстаз жұмысынан айырылмайды, ары қарай жұмысын жалғастыра береді.

Мұғалімдерге ыңғайлы болуы үшін аттестация жылына екі рет өткізіледі. 2018 жылға дейін бұл рәсім жылына бір рет қана өткізілетін.

Мысалы, жыл басында тестілеуден өтпесе, онда сол жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін екінші рет сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Бұл ретте әрбір педагог кез келген күнді және уақытты таңдауға құқылы.

«Қазір мұғалімдердің аттестациядан мерзімінен бұрын жаппай өтіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл міндетті процедура болмаса да. Бірақ бұл мұғалімдерге қаржылық мотивация ретінде қажет екенін түсінеміз. Тағы бір маңызды жайт, мұғалім тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана тест тапсырады. Бұл — мемлекеттік білім стандартының ең төменгі талаптары. Сондай-ақ ол мұғалімнің күнделікті оқушыларға үйрететін бағдарламалары. Тестілеу кезінде мұғалімдерден басқа ештеңе талап етілмейді. Енді тестілеуді өткізу не себепті маңызды екеніне тоқталайық. Мысалы, мұғалім мектепте 5-6-сынып бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, бірнеше жыл математикадан сабақ береді. Біраз уақыттан кейін ол жоғары сыныптарда пәнді оқыта алады. Осы кезде 5-6-сыныпта ғана жұмыс істеп үйренген мұғалімнің 9, 10 немесе 11-сыныптарға арналған бағдарламаны еске түсіруі қиынырақ болады. Сол себепті теориялық білімді үнемі жаңартып отыру және өз пәні бойынша 1-11-сыныптар аралығында мектеп бағдарламасын толығымен еске түсіру маңызды. Бұл мұғалімнің кәсіби дамуы үшін қажет. Айта кетейік, былтырдан бері педагогикалық ЖОО мен педагогикалық мамандықтары бар ЖОО-да ұлттық біліктілік тестілеу енгізілді. Бұл өте маңызды, өйткені мектепке келген университет түлегі жас мұғалім болғандықтан мектеп бағдарламасымен және балалармен жұмыс істейді. Былтыр 32 мың түлек сынақтан өтті. Оның ішінде, өкінішке қарай, 10%-ы ғана ҰБТ-дан өте алды. Осыны негізге ала отырып, болашақ мұғалімдерді дайындайтын университеттерге де талапты көтеріп жатырмыз. Осылайша қазірдің өзінде 36 университет педагогикалық лицензиясынан айырылды» дейді Шолпан Каринова.

ҰБТ — бұл өз пәнін білу деңгейіне арналған емтихан. Оны 5 жылда бір рет тапсырған мұғалім 5 жыл бойына қосымша ақы алады.

Өкінішке қарай, мұғалім өз пәнін жақсы білмесе, сәйкесінше тестті нашар тапсырады, балаларға да нашар білім береді. Бұған жол бермеу керек.

«Ұстаздардың өздерімен бірлесе отырып, олардың кәсіби деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Себебі балалардың білім сапасы ең алдымен мұғалім білімінің сапасы мен кәсіби деңгейіне байланысты» деп түйіндеді сөзін бірінші вице-министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

8 КОММЕНТАРИИ

  1. 25 жыдан астам пед.өтілі барлар тест тапсыруы өз еркінде болса, тапсырып өтпeй қалған жағдайда қолданыстағы санаты сақталса деген пікірім

  2. Бұл тестті министрлерге тапсыру керек) категория Масқара қылып көтеріп тастаған) жаңадан келген маман 70-48 алу керек масқара ғо мұғалімнің мәртебесі ақшамен емес. Қадыр қасиетімен көтеру керек.

  3. Даа, отработав 30 лет хочется бежать из образования! МОН издеваются над учителями.

  4. Дұрыс.Мұғалім біліктілік тестін тапсырсын делік, ал портфолио туралы не айтасыз?
    Талай олимпиадалар мен конкурстарға қаншама тер төгіп орын алып, әрі оқушылардың білім сапасы жазылған анықтамалық,психолог пен ата-аналардан алынған сауалнама, эссе, авторлық немесе әдістемелік жұмыс,білім көтеру курстары,өтініш, өмірбаян,толып жатқан мектепке келіп жатқан ақылы конкурстар, жыл бойы оқу бағдарламасымен қосылып,тәрбие жұмысының іс-шаралары бәрін-бәрін 5жыл бойы жиып-теріп,портфолиоға саламыз.1конкурсқа сыныптағы25баланың 25 , ең азы 14-15 қатысады менде. Білім сапасы өз пәндерімнен85-88%құраптұр.Республикалық көшбасшы-2021 1-орын алып, Нұрсұлтан қаласынан марапат алып тұрмын. Алтын тұғыр-2020математикалық олимпиаданың жүлдегерімін. Дарыннан алған Алматы қаласынан алған Алғыс хатым да бар. 39-жыл стаж, зерттеушіге өтпей қалдым ғой?!
    Тест анықтамасы беріп тұр зерттеушіні?!
    Сонда портфолиоға не болып тұр?
    Пед оқу, облыстық тәжірибе алаңы, облыс көлемінде ашық сабақтар мен коучингтер, тренингтер өткізгенмін. Олардан алған марапаттар бір төбе.Өзім 3 айлық деңгейлік курстың 1деңгейінен өткенмін,қанша әріптестерім сынақтан өте алмай жатқандп группада ең жоғары балл жинаған мен едім. Ал, білім бағаланса, не жаздым портфолиоға? Облыстық оқу орталығвның басшысы: 1айдан кейін қайта тапмырасыз ғой, тест 1-жылға жарамды,- дейді. Кемшілігін айта алмады.
    Ал менің жан күйзелісімді кім түсінеді?
    2 айда да тплай олимпиадалар мен конеурстарға қаьвсып,70-80 грамота жинап қойдым. Өзім Асьанаға форумға шақярылып,вице-минтстрдің Алғыс хатын алдым… Солай. Мен сияқты еңбегі еленбей жүрген 40жылғы еңбек өтілі бар әріптестерім болса… Алла, сабыр берсін!

  5. Юстадиде тестке дайындалу үшін қосымша ақы төлеп тапсыратын жүйе бар, алайда бұл да бизнестің бір түрімен білмедім. Дайындалған сұрағыңның біреуіде келмейді. Сонда қосымша ақыны не үшін төлеп дайындалу кк деген сұрақ көкейімді тесіп барады

  6. Кәсіби техникалық оқу орнын да істейтін оқытушылар бірнеше пәнен сабақ береді.Мысалы мен Электротехниканың теориялық негізі, Өндірістегі электроника негізі пәні бойынша сабақ өткізем. Ал маған Еңбек қорғау, Өрт қауіпсіздігі пәні бойынша тест тапсыр деп отырсыздар. Бұл пәндерден мен сабақ бермеймін. Өзім сабақ беретін пәндерден неге тапсыруға болмайды? Жауап күтем.

  7. Біліктілік тест. ТиПО оқытушыларына керек емес. Себебі өздірі сабақ беретін пәндерінен тест тапсырмайды. Басқа пән бойынша тест тапсыруды талап етеді. Мысалы мен өзім. Электротехниканың теориялық негізі, Өнеркәсіптегі электроника негізі пәні бойынша сабақ берем. Ал тестіні Еңбек қорғау, Өрт қауіпсіздігі пәні бойынша тапсыруды талап етіп отыр. Неге өз пәнімнен тапсырмаймын?
    ТиПО оқытушыларына провный тест неге өткізілмейді?

  8. 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз категориядан өтуді алдырып тастаса екен ! Ал жастарға тест тапсыру керек! Қолдаймын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА