11.10.2024

Білім министрлігі тестілеу кезінде көз жұмған мұғалім оқиғасына пікір білдірді

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ұлттық біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған педагог жайлы пікір білдірді.

“Алматылық әріптесіміздің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Білім және ғылым министрлігі телеграмма жолдады. Алматы қалалық білім басқармасы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Әріптесіміздің созылмалы дертке шалдыққаны және оның жүрек ауруы бойынша есепте тұрғаны белгілі. Білім саласының өкілдері әріптесіміздің туыстарының үйіне барғанда оның соңғы кездері өзін нашар сезініп жүргенін, тестілеу күні таңертең де өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Жақындары үйде қалуға кеңес берген…

Естеріңізге сала кетейін, мұғалімдер денсаулықтары нашарлап, өздерін нашар сезінген жағдайда тестілеуге бармауына немесе күнін басқа мерзімге ауыстыруына болады. Мұндай мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетсем, педагог алғаш рет 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мұғалім қызметін атқара бастаған. Сондықтан жаңадан келген мұғалім ретінде ол санатсыз жұмыс істеді және оған аттестациядан міндетті болмады. Біздің ақпаратымызға сәйкес, педагог өзін сауатты, талантты ұстаз ретінде танытқан. Туыстарының айтуынша, ол өз біліміне сенімді болған. Сол себепті ҰБТ-ға мерзімінен бұрын жазылған.

Осындай қайғылы жаңалықтарды пайдаланып, әлеуметтік желілерде мұғалімдердің өз-өзіне қол жұмсауының бірнеше оқиғасы туралы фейктер көптеп таралып жатыр. Бұл – жалған ақпарат.

Аттестациялаудың өзі туралы айтатын болсақ. Бұл педагогтің біліктілігін растаудың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан рәсімі. Басқа елдердегідей, оны жүзеге асыру тәртібі уақыт талабына қарай өзгеріп келеді. Жыл сайын білімін жетілдіретін педагогке 5 жыл сайын біліктілігін растау қиындық тудырмайды. Оның үстіне мұғалім аттестациядан өтпесе, жұмысын жалғастыра береді. Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді.

Мұғалімнің біліктілігі балаларды оқыту мен білім сапасына тікелей әсер етеді. Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп отыр. Онымен қоса, ата-аналар қауымының талабы да артып келеді. Сол себепті мұғалімдердің құзыреттілігін тексеру құралдары үнемі жетілдіруді қажет етеді.

2018 жылға дейін аттестаттау жүйесі басқаша болатын. Ол кезде екінші, бірінші және жоғары санаттар болды. Ал қосымша төлемдер мынадай болды: екіншісіне – 5 мың теңгеге жуық, біріншіге – 7 мың теңгеден жоғары, ал жоғары санатқа – 17 мың теңге. Әрине, бұл мардымсыз қосымша төлемдер болды.

Қоғамда жалақыны көтеру мәселесі белсенді көтеріліп, мұғалімдер педагогикалық шеберлік деңгейіне қарай сараланған жалақыны талап етті.

2018 жылдан бастап аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді, оған сәйкес біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемдердің мөлшері жалақының 30%-дан 50%-ға дейін көлемін құрайды. Мысалы, педагог-шебер 300 мың теңге алса, онда қосымша ақы 90 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін.

Аттестаттаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ақысын шеберлік деңгейіне қарай ондаған, жүз мың теңгеден артық көтеруге мүмкіндік берді.

Ережеге сәйкес, мұғалімдер бес жылда бір рет біліктілігін арттырады немесе растайды. Егер мұғалім бірінші рет сынақтан өтпесе, оны қайта тапсыруға мүмкіндігі бар екенін түсіну керек. Ең бастысы, сынақтан өтпеген ұстаз жұмысынан айырылмайды, ары қарай жұмысын жалғастыра береді.

Мұғалімдерге ыңғайлы болуы үшін аттестация жылына екі рет өткізіледі. 2018 жылға дейін бұл рәсім жылына бір рет қана өткізілетін. Мысалы, жыл басында тестілеуден өтпесе, онда сол жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін екінші рет сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Бұл ретте әрбір педагог кез келген күнді және уақытты таңдауға құқылы.

Қазір мұғалімдердің аттестациядан мерзімінен бұрын жаппай өтіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл міндетті процедура болмаса да. Бірақ бұл мұғалімдерге қаржылық мотивация ретінде қажет екенін түсінеміз.

Тағы бір маңызды жайт, мұғалім тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана тест тапсырады. Бұл – мемлекеттік білім стандартының ең төменгі талаптары. Сондай-ақ ол мұғалімнің күнделікті оқушыларға үйрететін бағдарламалары. Тестілеу кезінде мұғалімдерден басқа ештеңе талап етілмейді.

Енді тестілеуді өткізу не себепті маңызды екеніне тоқталайық. Мысалы, мұғалім мектепте 5-6-сынып бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, бірнеше жыл математикадан сабақ береді. Біраз уақыттан кейін ол жоғары сыныптарда пәнді оқыта алады. Осы кезде 5-6-сыныпта ғана жұмыс істеп үйренген мұғалімнің 9, 10 немесе 11-сыныптарға арналған бағдарламаны еске түсіруі қиынырақ болады. Сол себепті теориялық білімді үнемі жаңартып отыру және өз пәні бойынша 1-11-сыныптар аралығында мектеп бағдарламасын толығымен еске түсіру маңызды. Бұл мұғалімнің кәсіби дамуы үшін қажет.

Айта кетейік, былтырдан бері педагогикалық ЖОО мен педагогикалық мамандықтары бар ЖОО-да ұлттық біліктілік тестілеу енгізілді. Бұл өте маңызды, өйткені мектепке келген университет түлегі жас мұғалім болғандықтан мектеп бағдарламасымен және балалармен жұмыс істейді. Былтыр 32 мың түлек сынақтан өтті. Оның ішінде, өкінішке қарай, 10%-ы ғана ҰБТ-дан өте алды. Осыны негізге ала отырып, болашақ мұғалімдерді дайындайтын университеттерге де талапты көтеріп жатырмыз. Осылайша қазірдің өзінде 36 университет педагогикалық лицензиясынан айырылды.

ҰБТ – бұл өз пәнін білу деңгейіне арналған емтихан. Оны 5 жылда бір рет тапсырған мұғалім 5 жыл бойына қосымша ақы алады. Өкінішке қарай, мұғалім өз пәнін жақсы білмесе, сәйкесінше тестті нашар тапсырады, балаларға да нашар білім береді. Бұған жол бермеу керек.
Ұстаздардың өздерімен бірлесе отырып, олардың кәсіби деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Себебі балалардың білім сапасы ең алдымен мұғалім білімінің сапасы мен кәсіби деңгейіне байланысты”.

-ЖАРНАМА-spot_img

30 COMMENTS

  1. Әрине,өте өкінішті жағдай орын алды.Дегенмен 25 жыл өтілі бар ұстаздарды өзінің санатымен қалдыру керектігін қарастыру керек.Себебі:ол ұстаздардың денсаулығы мен көзінің көруі де нашарлайды.25 жылдан бері жинақтаған тәжірибесі жеткілікті(25 жыл өтілмен әскери қызметтегілер де зейнетке шығып отыр ғой).Кәсіби даму үшін арнайы 36,72 сағаттық курсынан өту жеткілікті.Дегенмен жүйке сыр бере бастайды.Өз тәжірибемнен(ұзақ жылдар жұмыс жасап отырған ұстаздардан байқағаным:давление 100%,зоб,сахар т.б)

  2. Ш.Каринова ханым дурыс айтады. Устаз ретинде толыктай келисемин. Сонгы жылдары мектепте нашар окыган окушылар мугалим болып жатыр.Мугалимнин билимди болганы дурыс .Аттестацияга тест косылгалы кимнин ким екенин де саралап отырмыз.Билимди адам тапсырады,тук те киын емес тест тапсыру.Кейбир мен мыктымын дейтин мугалимдер де оте алмай жатыр,мугалим ози билмесе,окушыга да билим бере алмайды гой.Осыдан кеп билимсиздик шыгады.Мектепте тек билимди мугалимдер гана жумыс истеуи керек деп есептеймин .Билимине сенимсиз мугалимдер тестти алып тастау ушин неше турли алып кашпа пикир жазып жургендер.

    • Мен өз біліміме сенімдімін және жоғары баллда жинағансын, бірақ сол тесттің маңынасы жоқ, өзіңіз оқып қарадыңызба? Сұрақтың құрылымы дұрыс емес, не сұрап тұрғаны түсініксіз, ешқандай нақтылық жоқ, сауатсыз адам құрған тестке көбірек ұқсайды

    • Нашар оқитынын баланы университетке түсіпмеу керек қой!

      • Дұрыс айтасыз. Университетке түсер алдында дұрыс іріктеп алып қабылдаса, болашақ мұғалім де білімді болып шығар еді.

  3. Неге ұбт мектепке міндетті ол мысал емес … педагогтерді аттестациялау бұрынғы әдіспен қалуы керек

  4. Неге 25-30 жылын мектеп пен балаға арналған мұғалімге көңіл бөлінбейді? Олардың денсаулығы жылдан-жылға нашарлайтыны айдай анық. Зейнет жасы жайлы айтылуы кем емес, бірақ жауап жоқ.
    Тест сұрақтары саралана ма?

  5. Құрметті, вице-министр,кәзіргі ұақытта выслуғаны алып тастады, көп мұғалім мектепте жұмыс стажы 30 жылдан асқан мұғалімдер дәріс береді, зейнет жасымызды 63 жас апарып тастады.Неге осы стажы көп мұғалімдерді ТЕСТІлеуден босатпайсыздар!жоғарыда әріптестер дұрыс айтады: біздің жасымыздағы ұстаздар түрлі ауруға ушыраған, ең басты давлениямыз бар, көзіміз нашар көреді, очки кисекта,

  6. Құрметті, Шолпан Каринова ханым, Сіз мектептің шынайы жағдайын білмейтін сияқтысыз. Мұғалімдердің беделі жоқ, олар кімнен ғана қорықпайды!? Ең сорақысы, алдында отырған шәкіртіне де бір артық сөз айта алмайды. Көпшілігі кредит алып алған, оны жабу үшін екі смен жұмыс жасайды. Жүйкелері тозған, көздері өшіп қалған. Мен білім саласындағы жекн кәсіпкермін. Ұстаздармен тікелей жұмыс жасап жүрмін. Олар ашық айта алмайды сіздерге.
    Сондықтан, барша ұстаз атынан айтамын! Мұғалім бір сменмен жақсы жалақы алуы керек! Қағазбастылықты мүлдем доғару керек! Тестілеу шынайы білімді көрсете алмайды, оны алып тастау керек. Мұғалім- мал емес!!!
    Мұғалім өзін өзі сыйлай алмайды, ендеше оны кім сыйдайды. Олар өздерін аяп жүреді.
    Кейбір ұстаздарға қатысы жоқ болса, қатты айтқаным үшін кешірім сұраймын!
    Құрметпен, Назиля Толегенова

  7. Врет и глазом не моргнёт. Им надо обязательно, чтобы кто-нибудь умер, выбросил из окна себя и своих детей или самоподжог устроил, только тогда соизволяют внимание на простых смертных обратить. Пусть министр и вице-министр принародно тест сдадут такой, а мы посмотрим на этот клуб-плагиаторов

    • Саламатсыз ба. Шолпан ханым. Ия,біліктілікті арттыру,оқытушының деңгейін бақылау ,барлығы дұрыс бағыт. Бірақ қосымша білім беру ,яғни саз мектептері ,өнер мектептерінен тест тапсыру пәніне келісе алмаймын. Өйткені музыканттарға педагогика мен психология не үшін керек. Тестлеу кезінде музыка пәнін қоссаңыздар.музыканттар өз пәнін қорғап шығады. Мәдениетке деген көз қарастарыңызды,өнерге деген жанашырлық танытсаңыздар екен. Мәдениетті дамыту керек. Музыка ол қазақ тілі немесе математика емес. Сіздерден өтініш,осы мәселені қарастырсаңыздар . Қазақстан Республикасында тұратын музыканттардың атынан жазып отырмын.Рақмет

  8. Өз пәні бойынша тапсыру ештеңе емес. Педагогиканы неге айтпайды? Анау кімнің айтқан сөзі, мынау кімнің айтқан сөзі, мына еңбектің авторы кім деген, сонжай ақ орысшадан тікелей қазақшаға аударылған педагогиканың не керегі бар?! Педагогиканы алып, тек өз пәнінен ғана тапсыратын қылсын. Берілген педагогикалық сұрақтардың әдістемеге түк қатысы жоқ! Ал әдістемені мұғалім күнделікті сабағында жетілдіріп отыр.

  9. Я вообще не понимаю, как можно судить о работе простого учителя , сидя в кабинете. Вы пишите , что детям нужно , чтобы учителя прошли аттестацию , а зачем это детям. Почему учитель с тридцатилетним стажем должен кому- то что – доказывать. Потом, вы вопросы по педагогике сами хоть видели? Эти вопросы для чего? В школах они совсем не нужны. И потом , после 50 лет у учителей какая может быть память, чтобы запоминать ненужные термины и фамилии зарубежных учёных по педагогике

  10. Не по существу говорит госпожа Каринова!!
    Вокруг да около! Одним словом чушь несёт!

  11. Аттестациядан өткізуді жеңілдету керек деп ойлаймын. Тесті бар, портфолиясы бар, тексеріп келе беретін комиссиясы бар, қағазбастылықтан шыға алмай келеміз. Тек 4құжат тексереді дейді де, тексеру кезінде ұзар сонар тізім.Шындығында, мектептегі артық жұмыстан балаға сабақ беруге уақыт жоқ.Үйге барып, отбасына қарайтын уақытың да жоқ. Қағазбастылықтан шығарып, ҚМЖ мен КТЖ тексерсін де, әр мұғалімнің сабағына қатысып тексере берсін. Мұғалімнің деңгейін сабақ әдістерінен де байқауға болады. Тестпен тексеріп уақытымызды алғанша, шәкірттер дайындайтын сапалы білім беруге уақытымызды өзімізге қайтарса. Мұғалімнің күнделікті дайындығы болса, оқушы да білімсіз болмас еді.
    Аттестациядағы педагогиканың сұрақтарын қай авторға сүйенгені түсініксіз. Сұрақтарының құрылымы да түсініксіз. Не туралы сұрап тұрғанын түсіну мүмкін емес. Универдегі оқытылған педагогика пәні басқа болатын. Эссе туралы да, егер бағаланбаса, неге арнайы тақырыптар беріледі? Еркін тақырып жасаса болмас па еді?! Қазақ тілі мұғалімі эсседен қинала қоймас, күнде есеп шығаратын мұғалімдер үшін, дене шынықтыру сабағын беретін мұғалімдердің эссе жазуы оңай бола қоймас. Шетелдің білім жүйесіне еліктемес бұрын, өзіміздің мектеп жағдайларының қаншалықты дайын екендігіне көңіл бөлген дұрыс шығар. Шетелде оқып, мектептің жүйесін түсінбейтін министр емес, мектептің, мұғалімнің жағдайына жұмыс жасайтын министр келеді деп үміттенеміз.

  12. Барлық айтқан пікірлер дұрыс, бірақ 30-35 жыл еңбек еткен ұстаздың есте сақтау қабілеті, денсаулығы, көру қабілеті нашарлап жатқаны неге ескерілмейді? 30-35 жыл өтілі бар ұстаздарды сол өздерінің тапсырған категорияларында қалдырып, зейнетке жіберсе дұрыс болар еді. Осыны ескерсеңіздер екен. Ол білмегендіктен емес, барлығы жас мәселесі мен денсаулыққа байланысты екенін білесіздер деп ойлаймын.

  13. Өте дұрыс және нақты түсінікті пікір айтылған рахмет.Мұғалім сауатты бөлу міндеттіі. Тест әділ бағалайды, кезінде сауатты мұғалімдер санатсыз жұргенде ешкім әділдікті талап етпеді , оқушыларға жақсы сабақ өтіп күшті білім беріп санатсыз пенсияға шығып келгендер қанша. Сол кезде сауаты төмен мұғалімдер жоғары категорияда керіліп жұрды. Кәзіргі біліктілік санат берілуі өте орынды талапқа сай қанша стаж болсада мұғалім тест тапсыру алады, себебі тест мектеп бағдарламасы бойынша. Мысалы,70-80 жасқа келген профессорлар университеттерде студенттерді жақсы оқытып жатыр. Кәзіргі білім жүйесінің жұмысын оң бағалаймын.

  14. Өте дұрыс және нақты түсінікті пікір айтылған рахмет.Мұғалім сауатты бөлу міндеттіі. Тест әділ бағалайды, кезінде сауатты мұғалімдер санатсыз жұргенде ешкім әділдікті талап етпеді , оқушыларға жақсы сабақ өтіп күшті білім беріп санатсыз пенсияға шығып келгендер қанша. Сол кезде сауаты төмен мұғалімдер жоғары категорияда керіліп жұрды. Кәзіргі біліктілік санат берілуі өте орынды талапқа сай қанша стаж болсада мұғалім тест тапсыру алады, себебі тест мектеп бағдарламасы бойынша. Мысалы,70-80 жасқа келген профессорлар университеттерде студенттерді жақсы оқытып жатыр. Кәзіргі білім жүйесінің жұмысын оң бағалаймын.

  15. Әрине өте өкінішті жағдай иманды болсын. Мен де тест сұрақтарының дұрыс берілмегенін айтқым келеді аударма жасаған ол тура аударма мағынасы жоғалып кетеді. Сұрақ тек пәннен болу керек шығар әдістеме қоссын басқасы керек жоқ

  16. Министр и всё МО пусть покажут мастер-класс и сладут этот тест‼️‼️‼️ Народ требует!!!!

  17. Қосымша білім беру педагогымын, өнер мектебінде сабақ беремін. 20-жыл университетте сабақ бердім. Педагогикалық еңбек өтілім 25-жыл. Мектеп оқушыларымен де жұмыс жасайын деп мектепке жұмысқа тұрдым. 2021 жылдың күзінде сарапшыға тапсырмақ болдым. Педагогика мен психологиядан сұрақтарға жауап беру барысында сенесіз бе психологияның жауабын емес сұрақтарын түсінбей қиналдым. Орысшадан қазақшаға тікелей аударғанда мағынасы өзгеріп кеткен. Тесттен құлаған әріптестерім қайтадан орысшасын тапсырып оңай болды деп өтіп жатты. Бұған кім жауап береді? Сонда мемлекеттік тілде сөйлеп жүріп орыс тілінде тапсыруымыз керек пе?

  18. Тест тапсырады алып тастасын. Мен өз тәжірибеме сенімдіміз, алайда бұл стресс.Денсаулыққа әсер етеді.Портфооио жиналып өткізсе де жеткілікті. Орынбасарларды да портфолио мен әңгімелесумен өткізіп жатыр ғой. Стаж үлкендерді ең болмағанда портфолио қалдыра берсін.Тест алып тастаңыздар, мүлдем қажеті жоқ.

  19. Вице министр ханымның сөзі де бір жағынан дұрыс,бірақ көпшіліктің жан айқайына бір уақыт құлақ түру қажет.осы тестке біз қаншама нервімізді кетіреміз. Мектептегі сабақтан бөлек қосымша іс шара,семинарлар,балаларды ұбт ға дайындау ,басқа да қағазбастылық.үйге барғанда біз де адамбыз отбасымыз бар.түрлі проблемамыз бар.мұғалім темір емес.осы тестті тапсыру аз болғандай эссені қосты.ал қаншама жылдық еңбек өтілімізбен өте алмай қайтып келген ұстаздарымызға келгеннен кейінгі стрессті айтсаңыздаршы.Сондықтан құрметті министр мырза әлі де болса дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймыз.

  20. Алғашқы аттестаттау ережесінде 25 ж педстажы бар мұғ аттестаттаудан босатылып, бар санатында қалдырылатын еді. Зейнеткерлікке 4 жылдан аз уақыт қалған мұғ де аттестаттаудан босатылып, өзінде бар санатында қалдырылатын. Осы бір аздаған жеңілдіктер жаңа ережеде де өз күшінде қалса дұрыс болар еді. 25 болмаса да 30 ж педстаж барлар босатылса.
    Сосын 2017 ж бұрынғы ескі санатпен (жоғары, бірінші, екінші) аттест өткен мұғ осы жылы кезекті аттестаттаудан өте алмай қалса барлық санаты педагог дәрежесіне дейін түсіріледі екен. Осы тұста тым қатты кеткен екен. Бұрын бір санатқа төмендететін еді. Солай қалдырғаны жөн еді. Бір ғана сәтсіздікке бола бәрінен жұрдай ету де дұрыс емес қой. Тесттен өтпей қалғандардың бәрі білімсіз емес немесе өтіп жатқандардың бәрі данышпан емес. Басқа талаптарға еш қарсылығым жоқ.

  21. Алғашқы аттестаттау ережесінде 25 ж педстажы бар мұғ аттестаттаудан босатылып, бар санатында қалдырылатын еді. Зейнеткерлікке 4 жылдан аз уақыт қалған мұғ де аттестаттаудан босатылып, өзінде бар санатында қалдырылатын. Осы бір аздаған жеңілдіктер жаңа ережеде де өз күшінде қалса дұрыс болар еді. 25 болмаса да 30 ж педстаж барлар босатылса.
    Сосын 2017 ж бұрынғы ескі санатпен (жоғары, бірінші, екінші) аттест өткен мұғ осы жылы кезекті аттестаттаудан өте алмай қалса барлық санаты педагог дәрежесіне дейін түсіріледі екен. Осы тұста тым қатты кеткен екен. Бұрын бір санатқа төмендететін еді. Солай қалдырғаны жөн еді. Бір ғана сәтсіздікке бола бәрінен жұрдай ету де дұрыс емес қой. Немесе келесі аттестаттауға дейін мерзімін ұзарып бір мүмкіндік берсе. Тесттен өтпей қалғандардың бәрі білімсіз емес немесе өтіп жатқандардың бәрі данышпан емес. Басқа талаптарға еш қарсылығым жоқ.

  22. Тест тапсырған мұғалім катты білім бере ме, оқушыларға.? Тестте оқушыға беретін білім бар ма??? Ағаштың жапырағына емес, тамырына қарау керек!!!! 63-ке жетпей канша әріптесім, курстасым өмірден өтті… 25 жыл “выслуга” біздің заманымызға дейін бекер берілмеген болар! Жасы 50-ден асқан, 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар тесттен босатылсын!! Шет елден неге басқа жағын уйренбеске? Сол шет елде ұстаздар тест тапсырмайды. Жақында халықаралық семинарға қатыстым, сол кезде Германиядан келген тренерге сұрақ қойылды: “Сіздерде ұстаздар тест тапсыра ма? ” деп, тренер миығынан күлді. Сіздер сол мамандыққа 5 жыл уакыттарыңызды сарп еттіңіздер, енді неге тест тапсырасыздар? Бізде педагог “курсын” оқып алады, сосын өз білімін жетілдіру үшін ары карай оқып, ізденеді. Ал сіздер диплом аласыздар және белгілі уакытта курс оқып отырсаңыздар жеткілікті деді. Алсақ жақсы жағын алайықта басқадан! Онсыз да қысқа әрі қиын өмірді, неге қиындата бересіздер?! Арыстан мен құмырсқа бір- бірін түсінер ме екен??? Алтынсариннің сара жолымен жүріп, сол кісілердің білімімен сусындап өскен болар жо7арыда отырғанда, төменде жүргенде!! Ендеше халықтың үні мен жан айқайына құлақ түріңіздер!!

  23. Здравствуйте!Лично я считаю,что учитель имеющий стаж работы в школе более 25 лет и выше,то не нужно сдавать аттестацию. Как не говори,со временем и память уже не та.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА