-22 C
Нур-Султан
29.11.2022

Ұлытау оқушылары атқа міну мәдениетін үйреніп жүр

Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының қызметкерлері жергілікті мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушыларға атқа міну мәдениеті бойынша сабақтар өткізіп жатыр.

Осындай сабақтардың бірінде № 6 тірек мектебінің тоғызыншы және оныншы сынып оқушыларына жылқыны қалай дұрыс ерттеу керектігін үйретті. Балаларға жылқы түрлері туралы айтылып, ат ерттеуге арналған жабдықтар таныстырылды.

«Біздің мұражайда «Мұрагер» жас тарихшылар клубы жұмыс істейді, онда белсенді оқушылар айналысады. Олар жобалық қызметке қатысады. Осы балалармен және екі жергілікті мектептің басқа да оқушыларымен түрлі іс-шаралар өткіземіз. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында №6 тірек мектебінің оқушыларына «Атқа міну мәдениеті» тақырыбында сабақ өттік. Алған теориялық білімін бекіту үшін мектеп педагогы Гүлжанат Аблаева және мұражай қызметкері Абзал Қапаровпен бірлесіп тәжірибелік сабақ ұйымдастырдық. Бұл жұмыс бізде 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді», – дейді ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету, экскурсиялық-бұқаралық және экспозициялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Үрзия Қапарова.

Жезді кентінде әр отбасы мал, соның ішінде жылқы өсіреді. Сондықтан мектеп оқушылары ерте жастан атқа міну тәжірибесімен таныс. Бірақ бәрі бірдей жылқыны дұрыс ерттей алмайды. «Біз оларға мұражайда бар экспонаттарды, ер-тоқым, әбзелдерді көрсеттік. Олар жылқыны ерттеп, серуенге дайындауға көмектесті. Балаларға өте қызықты болды. Біз бұл тәжірибені жалғастыруға ниеттіміз», – деп қосты Үрзия Қапарова.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...