1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Мәжілісінің жалпы отырысында, екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында, екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілідегі парақшасында жариялады.

1. Халықаралық пәндік олимпиадалардың, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беру. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлері үшін біржолғы ақшалай төлемдер көзделеді. Естеріңізге сала кетейін, Президент өз жолдауында осы тапсырманы берген болатын.

2. Жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі. Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыттары бойынша кадрларды дайындай алады. Бұл — заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады.

3. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық. Сонымен бірге 2016 жылға дейін болғандай, басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары болады.

4. Енді стипендиялар студенттердің шоттарына тікелей төленеді деп жоспарланып отыр. Яғни осыған дейінгі ЖОО-ға аударатын жүйе болмайды. Сонымен қатар біз уәде бергеніміздей, жоғары оқу орындарының гранттары үшін қаржыландыру да студенттерге тікелей жолдама ретінде беріледі. Ал кейін қаржыны студенттердің өздері жоғары оқу орындарына төлейді.

5. Жоғары білім деңгейі бойынша жаңадан берілетін лицензиялар үшін 5 жыл мерзім белгіленеді. Осыған дейін олардың нақты мерзімі көрсетілмеген еді. Мәселен, 1992 жылы алынған лицензия барлық өзгеріс пен жаңа шарттарға қарамастан жарамдық күшін сақтап келді. Бүгінге дейін мемлекет лицензия мерзіміне қатысты талап қойған жоқ.

6. Жабылған жоғары оқу орындарының студенттерін және олардың жеке істерін басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру, оқуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың жеке істерін, сондай-ақ осыған дейін білім беру ұйымында оқуды аяқтаған тұлғалардың жеке істері мен білімі туралы құжаттарының көшірмелерін мемлекеттік мұрағатқа уақытылы тапсыру үшін жауапкершілік енгізіледі.

7. Колледждерге академиялық еркіндік беріледі. Бірнеше жыл бұрын біз бұл реформаны жоғары білім деңгейінде жүргіздік. Енді колледждердің білім беру бағдарламалары ЖБП пәндерінің циклін қоспағанда, министрлік бекіткен типтік жоспарлар мен бағдарламалар емес, кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрылады.

8. Мұғалімдердің міндетті біліктілік арттыру курстарынан өту мерзімі өзгеріп жатыр. Қазір 5 жылда 1 рет, 3 жылда кемінде 1 рет өту ұсынылады. Бүгінде бәрі жылдам өзгереді, сондықтан мұғалімдердің де өз біліктіліктерін жиі арттырғаны абзал.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...