-18 C
Нур-Султан
07.12.2023

Мектеп оқушыларын онлайн оқыту қаншалықты тиімді – мұғалімнің пікірі

Елдегі карантин талаптарына сәйкес мектеп оқушылары онлайн, яғни қашықтан оқу форматына көшті. Осы орайда ұстаздар қауымының онлайн оқу форматына қатысты пікірі қандай және қашықтан оқудың қандай қиыншылықтары бар? Бұл туралы елордадағы №67 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Марал Нөгербекова айтып берген екен. Біз де Қазақпарат агентігіне сілтеме жасай отырып осы материалды өз оқырмандарымызға ұсынамыз.

Марал Нөгербекова жетекшілік ететін 3 сыныпта 24 оқушы бар.

«Біз Teams білім бағдарламасы арқылы сабақ береміз. Яғни, оқушыларға бағдарлама сілтемесін жібереміз, олар қосылады. Жұмыс барысында аталған бағдарлама бойынша кедергілер бар. Мысалы, мен сабақ тақырыбына қатысты слайд әзірлеймін, бірақ ол Teams бағдарламасы арқылы барлық оқушыға бірдей көрінбейді, ашылмайды. Teams платформасы бойынша техникалық ақау бар. Бірақ, біздің оқушылардан кінә жоқ. Олар бағдарламаны қалай қосу, ажырату керетігін жақсы меңгерген. Мүмкін, мәселе интернетке байланысты болар. Бастауыш сынып екеніне қарамастан менің сыныбым онлайн оқу әдісін жақсы меңгерген», — деді М. Нөгербекова.

Мектеп мұғалімінің айтуынша, Teams білім бағдарламасы тиімді, дегенмен айтарлықтай кедергілер бар.

«Онлайн оқуға қатысты біз ата-аналардың ойын білдік, олар қарсы. Себебі, дәстүрлі оқуда балалар өзін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады. Кеше ғана қалалық бас санитар дәрігердің арнайы қаулысы шықты. Демек, бізге дәстүрлі форматта оқуға болады», — дейді ол.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...