27.07.2024

Қазақстанның бірнеше өңірінде «Білімді ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асырылуда

Еліміздің бірқатар аймағында биыл күзде қабылданған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру қолға алынды.

Қазіргі уақытта «Білімді ұлт» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында Павлодар, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл облысы мен Алматы қаласында орта білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта ұлттық жобаны іске асыру өзге өңірлерде де қолға алынады», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл қабылданған «Білімді ұлт» ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін орта және жоғары білім беру саласының алдында басты 4 міндет тұр.

Одан бөлек, аталған ведомство оқушылардың үйірмелер мен спорттық секцияға деген қызығушылығына қатысты түсінік берді.

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, бүгінде мектеп оқушыларының үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуға деген белсенділігі байқалады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап дене тәрбиесі мұғалімдеріне секциялық жұмысқа қосымша ақы төлеуіне байланысты спорттық секция жұмысы сапасының жақсарғанын аңғаруға болады. Жалпы қосымша білім берумен тек мектеп қана айналыспайды, одан бөлек арнайы ұйымдар бар. Бүгінде елімізде 1 272 қосымша білім беру ұйымында, 9 337 үйірме мен спорттық секция жұмыс істеп тұр. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады, осы орайда спорттық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіре түсу де ведомство назарынды», – дейді министрліктен.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА