16.07.2024

Петропавлдағы төрт мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері беріледі

Петропавлдағы 4 мектепке Смағұл Сәдуақасовтың, Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының және Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімдері берілмек. ҚР Үкіметінің қаулысы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды.

Петропавлдың 4 мектебіне Алаш қайраткерлерінің есімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының ұсынысы Үкіметте қаралып, қолдау тапты. Тиісті құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланып, көптің талқысына ұсынылды. Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғаспақ.

Құжатқа сәйкес Петропавл қалалық № 25 жалпы білім беретін орта мектепке – қоғам қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның, №2 орта мектепке – мемлекет, саяси, мәдениет қайраткері, СҚО тумасы Смағұл Сәдуақасұлының, №9 орта мектепке қазақтың ақыны, қоғам қайраткері, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі. Ал ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан есімімен аталмақ.

Петропавл мектептеріне Алаш қайраткерлерінің есімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 7 шақырылымының кезектен тыс өткен сессиясында шешім қабылданған еді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА