-13 C
Нур-Султан
22.01.2022

Петропавлдық оқытушы Оксворд университетінің құрметті профессоры атанды

Петропавлдағы Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі директоры Рауза Кашенева Оксворд университетінің құрметті профессоры атанды.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Рауза Кашенева өнерді дамытуға және талантты жастарды тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін Оксворд университетінің құрметті профессоры атанып, орденімен марапатталды.

Рауза Кашенева — педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Білікті ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Рауза Әбутәліпқызының өзі де сахнада ән айтып, республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдерге, байқауларға қатысып тұрады.

Ол итальяндық ұлы органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидің Таллин қаласындағы Домский соборында өткен концертіне қатысты.

Нидерландыға гастрольге шығып, 15 жеке концертін берді. Амстердам консерваториясында болған Бельканто фестиваль-конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Осы сапарында 74 минутқа созылған концертінің дискісін шығарды.

2010 жылы Рауза Кашенева Еуропа ректорларының халықаралық клубына қосылып, оның құрметті мүшесі атанды. Бұл Оксфорд қаласында өткен «XXI ғасыр көшбасшылары» халықаралық саммитінде болды.

2011 жылы ол басқаратын колледж European QUALITYA WARD — «Еуропалық сапа» халықаралық марапатын алды.

2012 жылы KPE және Еуропалық бизнес Ассамблеясының шақыруымен Вена қаласында өткен халықаралық форумға және рождестволық рыцарьлар балына қатысып, Вена симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті.

2012 жылы Халықаралық ғылыми-өнеркәсіптік палата Бельгияда алтын медаль мен Demerito дипломын табыс етті.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласы жұмысына қатысты сын айтті

«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік...

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР...

Математикалық айтыс = дәлелсіз сөз сапыру емес

19 қаңтар күні Abai.kz ақпараттық порталында ардагер ұстаз Ордалы Қосай мырзаның академик Асқар Жұмаділдаевқа жазған «Математик – математикке!» атты үшбу хаты KAZBILIM сайтымызда жарияланған еді. Бүгін ...

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой....

Екібастұздық мұғалім оқушылардың ынтасын ояту үшін түрлі ойын технологияларын қолданады

Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады. Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік...